Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жанында жүрміз жақсының


8 января 2018, 12:46 | 1 148 просмотров



Хакім Абай он төртінші қара сөзінде “Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар — жүрек ісі”, — дейді. Сондай мейірімді жандардың бірі  Ескелді ауданы, Қоңыр ауылының тұрғыны Сәуле Жайлаубайқызы бірнеше жылдан бері тұрақты түрде қайырымдылық шарасымен айналысып келеді.  Мерейлі мерекеге орай осы   дәстүрден жаңылмай балдырғандарға арнап “Жаңа жыл — жаңа бақыт” атты мерекелік шара ұйымдастырды.

MMJpaiVl_60-300x225.jpg

Жасыл шырша мерекесінің басты меймандары — көп балалы отбасынан шыққан және әлеуметтік аз қамтылған отбасының бүлдіршіндері. Сонымен қатар, оқуда озат, өнерлі балдырғандар да салтанатты жиында өнерлерін ортаға салды. Ең әуелі Сәуле Жайлаубайқызы осынау игілікті істің басы-қасында жүрер отбасының қолдауын тілге тиек ете, жиналған қауымды құттықтады. “Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып,  әрбір жанның азғантай болса да көңілін бір серпілту  барлық адамзаттың азаматтық борышы деп білемін. Өзгелерге  бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын.  Болашағымыздың  жарқын болуы  жолында бір-бірімізге қолдан келер көмегімізді аямалық”.  Көңілдері кіршіксіз ақ қардай балалар  да өз тараптарынан мейірімді кейуанаға  алғыстарын білдірді. Шара барысында ұтыс  билеттері  ойнатылып, сыйлықтар  табысталды.

5mqJbFDIBcw-225x300.jpg

 Ауыл әкімі Арай Құлахметов “Тағы бір жыл тарих қойнауына енді. Бұл жыл әрбір қазақстандық үшін есте қаларлық оқиғаларға толы болды. Соның бірі — күллі әлем назарын аудартқан “EXPO-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесі. Айтулы маңызды шараны мектеп оқушылары, өздеріңіз де тамашалап келдіңіздер. 2017 жыл маңызды қадамдарға аяқ басқан, елеулі оқиғалар мен толайым табысқа толы болды. Алдағы жылдан да күтер үмітіміз зор. Ауылымыз өркендеп, арман-мақсаттарымыз жүзеге асып, бағындырар белесіміз биік болсын. Абыройымыз асқақтап, жұлдызымыз жарқырасын”-деп  ізгі тілегін арнады.

Ол – әлемнің жарығын сыйлаған ана. Ол — өзгенің баласын  өзегінен теппей, туған  перзентіндей бауырына басқан аяулы жан. Ол – сынаптай сырғыған  алмағайып  заманда “өзіне  байлық  жинамай,  өзі  байлыққа айналған”  жауhар.  Ол – адамдық асыл қасиеттердің  тәжін киген тұлға.   Ол – өзі  жылап  тұрса да, өзгені жұбата алған мейірім иесі.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто