Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үш тілді меңгергендердің бағы жанбақ


16 января 2018, 13:51 | 1 212 просмотров



«Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауында еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне,технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетінін нақты айтып өтті. Жолдауда атап көрсетілген «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» деген ойлар көңілден шықты»,- дейді Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыханов.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет екенін нақты айтты.

 Орта білім беру саласында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жүріп жатыр. Осы бағытта жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар дайындау жұмысы қарқынды жүргізілуде.  Қазіргі таңда орта мектептер бұл стандартқа көшуге толықтай дайын.

 Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтуді қолға алу мақсатында іс- шаралар жоспары жасалады. Қаладағы Оқушылар сарайларында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда толық жағдай жасалған. Мұнда компьютер, лаборатория және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру міндеті тұр. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.

 Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екендігін Елбасы тағы бір мәрте назарға алып отыр.

Қала мектептерінде тіл пәндерін тереңдетіп оқытуға заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында жаңа лингофонды — мультимедия кабинеттерімен қамтамасыз ету мәселесі қолға алынады. Тіл үйретудің европалық стандартына көшуде тіл пәндері мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру курстары үздіксіз жүргізіледі.

2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі, ағылшын тілі  қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.

2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін ағылшынша оқыту қолға алынбақ.

 Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.