Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ТҮБІ 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕТІНДІГІМІЗ АНЫҚ...»


10 сентября 2010, 10:30 | 2 605 просмотров



Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, ҚР оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінін иегері педагог ағартушы – Ескендіров Нұрсерік Ескендірұлымен сұхбат

Жаңадан еңгізіл отырған «өзін-өзі тану» пәні туралы не айтасыз?

Биылғы оқу жылынан бастап барлық оқу орныдарында жаңа пән енгізіліп отыр. Ол «Өзін-өзі тану» пәні. Аталған пән бұдан бірнеше жылдар бұрын тұсауы кесіліп, қаламыздағы №14 мектеп-гимназиясында эксперимент түрінде жүргізілген еді. Ал енді биылғы оқу жылынан бастап осы пән бүкіл қала, ауыл, аудан мектептеріне, ЖОО-да жаппай енгізіліп отыр. Бұл «өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты – ұлттық тәрбиені дәріптеу, баланың бойыңа адамгершілік, отансүйгіштік, білімділік, біліктілік, адалдық парасаттылық міне осындай адамға қажетті ізгі қасиеттерді енгізу болып табылады. Мысалы балалардың бойыңа «Мен адаммын», «Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» деген ұғымдарды туындату керек . Бұл пәннің тағы бір ерекшелігі – ересектер тобы және мектепке дейінгі балардың топтары болады. Ол топтарда мектепке дейінгі тәрбие жұмыстары оның білім сапасы өзінің жас деңгейіне орай болады да ал мектепке дейінгілер І деңгейдегі ересектер ІІ деңгейдегі ересектер болып бөлінеді.. Елді сүю, патриоттық сезімді дамыту, осылардың барлығы өзін-өзі тану, әлемді тану жүйесіне жатады. Сондықтан оқу жүйесінде әр мектепте бір сағаттан бөлінген уақыт бар осы сағат бойынша білімін жетілдірген, арнаулы сертификат алған ұстаздар дәріс береді. Бұл жөнінде біздің ғылыми әдістемелік кабинеттің жасап отырған шаралары да өте көп. Мысалы, Алматы облыстық мұғалімдердің (кәсіби құзыреттілігін) дамыту институты да осы пән бойынша курстан өтіп жатыр, сол курсқа ұстаздарысмызды жіберіп жатырмыз. Ендігі жерде Талдықоғанда өзімізден де келіп өтетін курс болады. Оған үш жүздей адам қазір дайындық жасап жатыр. Балабақшалардағы тәрбиешілерден бастап, мектептегі әр деңгейдегі мұғалімдер осы курстан өтеді. Курстан өткеннен кейін олардың қолдарына куәлік беріледі, сол куәлік бойынша олар маман ретінде аталған пәнді жүргізеді. Бұл биылғы оқу жылындағы бір ерекшелік болып отыр.

Ал былтырғы жылы енгізілген Дінтану пәні жайлы не айтар едіңіз? Аталған пән қалай жүргізіліп келеді, оқулықтар жеткілікті ме?

Дінтану пәні былтыр енгізілді. Бұл пән – әлемдік дін жүйесімен танысу, діннің басты бағыттарын білу, ол пәнді тарихшы мұғалімдерге жүктеген. Бұл пән биылғы оқу жылында да өз жалғасын табады, бірақ бұл екінші жарты жылдықтан бастап жүреді. Әрине дін мен мемлекетті ажыратып, жіктеп айту үшін, екеуінің тарихи деңгейін, ролін білу керек. Мемлекеті діннен ешқашан да бөліп қарай алмаймыз ол екеуі бір бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар, себебі, мемлекетте қанша ұлт өкілдері болса олардың әрқайсының діни көзқарастары әр басқа, сол көзқарастың дұрыстыған, бұрыстығын, бағытын, бағдарын балалардың бойына, санасына сіңіру керек сол үшін діннің қаншалықты қажеттілігі, діннің басты бағыттары мен мақсаттары мен міндеттері міне осыларды мемлекеттік конституциямен салыстыра отырып оқушылардың ой санасына жеткізу керек. Осы бағытта дінтану пәнінің маңызы өте зор. Себебі, діни көзқарастың балаға қаншалықты бағыт беретінін біз түсіндіруіміз керек. Біздің діни сауатымыз өте төмен. Қазіргі таңда неше түрлі біздің санамызға жат, мемлекетіміздің дамуын, халқымыздың санасын улайтын неше түрлі діни ағымдар бар. Міне осылардан, әлемдік жаһанданудың жағымсыз әрекеттерінен аулық болуымыз керек. Осы мақсатта бұл пән енгізілген болатын. Қазір, тарихшы мұғалімдер арнаулы курстардан өтіп дінтану пәнін өткізуде бірақ, өкінішке орай бұл пәннен арнайы оқулық жоқ. Белгілі саясаттанушы ғалым Ғарифолла Есімнің дінтану туралы еңбегі бар бірақ ол еңбек үлкен философиялық еңбек. Оқушыларға арналмаған оқу құралы болып табылмайды.

Бүгінгі таңдағы білім жүйесіне қандай өзгерістер енген? Басты талаптары? Еліміздегі индустриялық-инновациялық бағыт бойынша білім саласында қандай бетбұрыстар болып жатыр?

Биылғы білім жүйесіндегі еңбасты өзгеріс – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі қамтылып жатыр. Қаламыздың өзінде 3 мектеп эксперимент түрінде 12 жылдыққа оқып жатыр. Олардың оқушылары биыл 8 сыныпқа көшті. №5, №16, №19 мектептерде жүріп датыр. Біздің түбі он екі жылдық білім беру жүйесіне көшетіндігіміз ол әйгілі. 2015 жылға қарай 12 жылдық білім беруге бірыңғай ауысуымыз керек. Және арнайы оқу құралдары да дайындалуда. 12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.

Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап етеді. Мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу, формальді тек іс қағаз, сауалнама арқылы жүргізіліп келген болатын. Жан-жақты зерттеудің тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы күннен баланың үлгерімі мен іс-әрекетін бір-бірімен салыстыру арқылы шектелген көрсеткіштер бойынша бағаланатын. Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12-жылдық білім қазіргі өмір талабын айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін, тәрбиесін ұсынады.

Екінші мәселе, 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.

Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап етеді. Мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу, формальді тек іс қағаз, сауалнама арқылы жүргізіліп келген болатын. Жан-жақты зерттеудің тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы күннен баланың үлгерімі мен іс-әрекетін бір-бірімен салыстыру арқылы шектелген көрсеткіштер бойынша бағаланатын. Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12-жылдық білім қазіргі өмір талабын айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін, тәрбиесін ұсынады. оқыту жүйесін дамыту, жаңа технологиялар, он-лайн жүйесі арқылы қашықтықтан оқыту. Кей жағдайда оқушылар сабаққа келе алмағанда сол интерактивті тақта арқылы сабақ беру. Қазір мектептердің барлығында компьютерлік кабинеттер жетілген, материалдық-техникалық базалары бұдан бес жыл бұрынғымен салыстыратын болсақ өте жоғары Физика, химия, лингофондық кабинет болсын, барлығы да техникалық құралдармен жабдықталған. Ұстаздарымыз да интерактивті тақтамен жұмыс істеу жүйесіне көшкен.

Биылғы жылы ұстаздарымызға бірыңғай мектеп формасына көшу туралы ұсыныс енгізілген болатын, бұл ұсынысқа біршама мұғалімдеріміз қарсы болса кейбіреулері құптап отыр. Сіздің пікіріңізбен бөліссек?

Ия, мұндай ұсыныстар болды, бірақ бұл шешімін тапқан жоқ. Бұл білім министрлігінде қаралған мәселе, бірақ міндеттелген, заңдастырылған дүние емес. Мектеп формасын мұғалімдерге кигізу ұсыныс түрінде ғана бар. Бірақ, менінше алдымен оқушылармызды бірыңғай мектеп формасына көшіріп алуымыз керек. Одан кейін барып мұғалімдерімізге сондай қажеттік туындайтын болса, бұл ұсынысты енгізуге болады, бірақ бұл аса бір үлкен, өзекті мәселе болып отырған жоқ. Ұстаздар арасында неше түрлі көзқарас, неше түрлі пікірлер бар, айтылып жатыр. Мен өз басым, ол әлі ертерек деп ойлаймын.

Қазіргі таңда көтеріліп жүрген ең басты мәселелердің бірі – білім гранты. Білім гранттарының саны жылдан жылға көбеюде, бірақ біз сапалы, білікті мамандар даярлап жатырмыз ба? Талапкерлердің көбісі қай салаға грантты көп бөлсе сол сол салаға кетіп жатады да, ел сұранысына ие, қажетті мамандықтар кенжелеп қалып жатады. Сіз қалай ойлайсыз?

Білім гранттарын көбейту керек. Ия, мемлекеттік гранттар жылдан-жылға көбеюде , алайда бізде ауылшарушылығы саласында мамандар өте тапшы, техника саласы бойынша мамандарымыз да аз. Бізге білімді білікті инженерлер керек сондықтан осы саладағы білім гранттарының санын арттыру керек. Баяғыда кәсіптік-техникалық училищелер болатын. Сантехник, сылақшы, сырлаушы, бояушы, электр жүйесін жасайтын мамандар ауадай қажет. Осы салада маман әзірлеуіміз керек. Елдің барлығы басшы қызметке кетіп қалып жүр. Мемлекеттік білім гранты осындай қажетті мамандықтарға бөліп отырса құба-құб болар еді.

ҰБТға қандай өзгерістер еніп отыр, былтырғы жылдан айырмашылығы бар ма?

ҰБТ жылдан-жылға жетіліп келе жатыр. Оның өзіндік кемшілігі, өзіндік жетсітігі бар деген сияқты. Қайбір жұмыс болмасын кемшіліксіз болайды ғой. Биылғы ҰБТ ол да бір өзіндік бағыттағы жүйе былтырғы жылға қарағанда биылғы жетістігіміз жаман емес. Республика бойынша төртінші орныдамыз. ҰБТдан республика бойынша №20 лицей ең жоғарғы балл көрсетті. Былтырғы жылы 80,7 пайыз болса, биыл 88,2 пайызды құрап отыр. Ортақ балл –116, 124 балл алған оқушылар да болды. Алтын белгі де біршама көбейді. Қала бойынша 42 оқушы ие болды. Бұл үлкен жетістік. Біз енді ғана белгігі бір жүйеге көшіп, қалыптасқанда. Оған оқушылар да, ұстаздар да, ата-аналар да үйренген кезде енді оны алып тастап басқа бір жүйеге көшсек, ол қандай жүйе болатыны белгісіз.

Жаңа оқу жылы да келіп жетті. Көптеген ата-аналарымыз қазақша оқулықтың тапшылығын айтып жур. Неліктен?

Мектеп оқулықпен міндетті түрде барлық оқушыны қамти алмайды. Тегінде оқулықтарды аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік деңгейі төмен отбасылардың балаларына беріледі. Ал сатып алам десе барлық дүкендерде бар, қазақша оқулық жеткілікті. Кейбір ата-аналар осыны аса түсінбей жатады. Бізде «Мектепке жол» атты акция бар. Бұл акция биыл үшінші жыл өтуде, және қыркүйектің соңына дейін жүреді. Акцияның басты міндеті – мектепке оқушыларды қамту. Аталған акция бойынша мұғалімдеріміз жұмыс істейді 1-қыркүйекке дейін бекітілген мұғалімдер шағын аудандар бойынша жүріп өтті. Енді алда-жалда әртүрлі себептермен қамтылмай қалған оқушылар болса оларды қыркүйектің аяғына дейін қамтумыз керек. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды оқу-құралдармен, киім-кешектермен қамтамасыз етуіміз керек.

Автор:
Сұхбаттасқан: Әйгерім ИЕБЕКОВА, сурет автордыкі