Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа ақпараттық технология мектепте


10 сентября 2010, 10:38 | 2 351 просмотр



Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту – қазіргі таңдағы үлкен проблемалардың бірі болып саналады.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыруда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына қойылатын талаптар:

-Білім саласын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

-Білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану;

-Электрондық оқулықтарды, мультимедиялық технологияларды пайдалану;

-Телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару және т.б.

ҚР-ның «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті: ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұстаздары күнделікті іздену арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге жол алатындай жаңа тәжірибелік, әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді,керекті жерінде дұрыс пайдалана білу керек. Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады.

Оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технлогияны қазіргі заманға бейімдеу, олардың білім деңгейін мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау ұстаз жауапкершілігін арттырады. Білім Заңындағы осындай талапты орындау мақсатында мектебімізге 2008 жылы 16 ноутбукпен жабдықталған мультимедиа кабинеті берілді, физика, география, биология, химия кабинеттеріне компьютер интерактивті тақтамен бірге берілді. Олардың барлығы да жұмыс істеп тұр. Осы жылы біздің мектепте басты компьютер (сервер) орнатылды, ол интернетке Megaline желісіне қосылған. Енді интерактивті тақта бар 5 кабинетіміз де локальдық желі арқылы интернет желісіне қол жеткізе алады.

Біздің мұғалімдер мен оқушылар өз білімдерін толықтыру, жетілдіру үшін қажетті тақырыптарды, мәліметтер мен деректерді интернеттен алып, сабаққа үнемі дайындалып келеді. Мектебімізде информатика пәні бірінші сыныптан жүргізіледі. Кішкентай бүлдіршіндер бұл сабаққа қазірден үлкен қызығушылықпен қарайды. Заман көшіне ілесу талабының бірі-оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Мектепте барлық пәндерге арналған электронды оқулықтар бар. Мұғалімдер электронды оқулықтарды сабақтарында пайдаланады. Ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында қолданылатын жаңа түрдегі құрал-активті экран-интерактивті тақта мен activstudio пайдаланамыз. 2009-2010 оқу жылында біздің мектеп ақпараттандыру тақырыптарына On-line режімінде өткізілген аудандық семинарға белсенді қатысып, өз үлесін қосты. Химия пәнінен On-line режімінде облыс көлемінде интерактивті сабақ берілді (мұғ. Шенгельбаева К.Е.). Информатика пәнінің екі мұғалімі (Шенгельбаева С.Х., Бокуева А.Д.) «12 жылдық білім беруге көшуде информатика пәнін бейінді оқыту курсының ғылыми-әдістемелік негіздері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, жұмыстары материалдар жинағына енді. Информатика пәнінің мұғалімі Дукейхан Н. «Жыл мұғалімі-2010» аудандық байқауында ІІ орынға ие болды. Ел ертеңі-білімді ұрпақ екені бәрімізге аян. Баланы білімді етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуі қажет. Оқушыларымыз VI Дельфия ойындарына қатысып, Web-дизайн бойынша І-орынға ие болды. 10 сынып оқушысы Калиев Д. Павлодар қаласында өткен республикалық Дельфия ойындарына қатысып сайт құру бойынша IV-орынға ие болды. Осы көрсеткіштің бәрі біздің мектеп ақпараттандыру жолында екендігін білдіреді.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттаныру ғасыры. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Ақпараттық тезнологиялар дәуірі-объективтік мәні бар үрдіс, ол адам мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жол ашады, ал оларды қолдану жеке тұлғаның қабілетін дамыту негізінде қоғамның алға басуына үлкен ықпал етеді.

Автор:
Бокуева Асель Данияр, Ақын Сара атындағы орта мектеп информатика пәнінің мұғалімі