Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Газ жабдықтарын жөндеуші мамандығын меңгер, өкінбейсің


8 февраля 2018, 11:19 | 1 168 просмотров



Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес қолға алынған  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы жұмыс таппай жүрген талдықорғандықтардың үмітін ақтап үлгерді.

«Бұл ретте, «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіби білім мен  қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» 1-бағыты бойынша 839  жұмыссыз азамат  дәнекерлеуші, слесарь- сантехник, электрик, шаштараз, аспаз, тігінші, бала күтуші, ағылшын тілі маманы тәрізді кәсіпке баули отырып оқытылды. Кәсіптік білімі бар кадрлардың 680-і өзіне  жұмыс тапты.

16 мыңның үстінде шәкіртақы төленетін 3 айлық курстарға оқу ниет білдірген азаматтардың өтініші қабылдануда. Оларды  шаштараз, тырнақ жасау шебері, аспаз, тігінші, кондитер,  есепші, бала күтушімен қатар газдандыру жабдықтарын жөндеуші мамандығына оқыту көзделуде. Себебі,  қаламызды көгілдір отынмен қамту жұмысына байланысты кадр қажеттілігі туындап отыр» дейді орталықтың  басшысы Ж.Құсайынов.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2-бағыты аясында несие беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қолға алынған.  Оған негізінен  жұмыссыздармен қатар, өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар да, сондай-ақ өз ісін енді бастағандар мен кәсіпкерлер қатыса алады. Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылына небәрі 6% құрайды.

Қызығушылық танытқандар мамандардан толыққанды кеңес алып, нәтижелі еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдаулар туралы біле алады.

Осы екінші бағыт  бойынша 2017 жылы 55 адам 457,2 млн. теңгенің шағын несиесін  иеленді. «Талдықорған ҚазАгро» ЖШС-нің көмегімен 18 адам, «Ауыл шаруашылығын  қаржылай қолдау қоры » АҚ  арқылы 19 азамат несие алды. Өткен 2017 жылдың   соңғы айларынан бері шағын несиелендіру   жұмысына қала бойынша екінші деңгейлі  «Қазақстан халық банкі», «Банк Центр Кредит», « Сбербанк» АҚ қосылып отыр.

Ал, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 18 кәсіпкер қажетті  қаражатпен қамтылды. Оның 7-і  18 миллион теңгенің несиесін   иеленіп, қажеттілігіне жаратты.

Мәселен,  «Сбербанк» АҚ  ЕБ арқылы  8 млн. теңгені алған  Диана Жұмәділоваазық- түлік дүкенін ашты.   Индира Желеубаева  100 орынды балабақша құрылысын қолға алған.  Кәсіпкерлердің бәрі де  өз істерін ашып, халық игілігіне жұмыс  жасауда.