Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Адастырушы діни ағымдар


8 февраля 2018, 11:20 | 1 164 просмотра



Қазіргі ата-ана баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Мұндай жайт ата-бабамыздың үш ұйықтаса да түсіне кірмеген болар. Алайда, өкінішке қарай, бүгінгі ғаламдану заманындағы  ахуал осыған саяды. Бұл арада мәселе діннің өзінен емес,  дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың құйтырқы әрекетінен ушығып тұрған жайы бар.

Дәрігер мамандар ұлтымызға жат ағымдар пайдаланатын амал-тәсілдердің психикаға теріс әсері барын, тіпті кейбір жағдайда олар адамды жындыханадан бір-ақ шығаратынын немесе өз-өзіне қол жұмсауға дейін апаратындығын растап отыр.«Адастырушы діни ағымдар» деген тақырыпты қозғаған   кездесу Еңбек ауылдық Мәдениет үйінде  өткізілді. Діни наным-сенім мен олардың  зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, жастардың әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту мақсатында өткізілген  шараға Еңбек ауылыдық мешітінің имамы, қажы  Айдын Жүргенбаев пен  №22 мектептің кәмелеттік жасқа толмаған жасөсіпірімдер ісі жөніндегі   учаскелік инспекторы  Жандос Матақбаев және ауыл тұрғындары  қатысты.

Шара барысында    қазіргі кездегі  діни-наным  туралы өте өткір мәселелер   төңірегінде ой қозғалды. Оқушылардың  қойған сұрақтарына  жауап  қайтарылды.  Мешіт имамы  діни сауаттылыққа шақырды.