Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі айлығының 1-ші кезеңі аясында Көксу ауданында профилактикалық шаралар өткізілді.


13 февраля 2018, 16:06 | 1 124 просмотра



Қыс мезгілінде тұрғын секторда азаматтардың улағыш газдан улану себептерінің жиілеп кетуіне байланысты және Алматы облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 ақпанынан басталған тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі айлығының 1-ші кезеңі аясында осы жылдың 12 ақпанында облыстық ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ және Көксу ауданының ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын секторда өрттердің алдын алу, өрттерде адамдар өлімін және жарақат алуының алдын алу мақсатында Балпық би ауылының М.Құрманов атындағы №2 орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен Балпық би ауылының 32-ӨСБ ашық есік күні, тұрмысы нашар отбасыларының мекен-жайларына рейдтер, Балпық би ауылы «Щадрин» шағын ауданының көпқабатты пәтерлерінің 28 тұрғынымен жиын өткізілді. Жиынды өткізу барысында пәтер иелеріне жадынамалар және нұсқаулықтар таратылып өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді.

Сондай-ақ осы күні Балпық би ауылының Қ.Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша 135 баланы қамтыған 9 және 11 сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға институтқа түсу бойынша бейнероликтер көрсетіліп парақшалар таратылды. Оқушылар көптеген сұрақтар қойып, сол жерде жауабын алып отырды.

Көксу ауданының аумағында тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейін жалғасады.

Автор:
Көксу ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қасенов Жасұлан Сеитжанович