Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дуалдыоқыту-білікті маман даярлаудың кепілі


15 февраля 2018, 09:55 | 1 175 просмотров



«Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді».

(Елбасы Жолдауы жолдарынан).

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі өзінің өмір сүру уақытының барлық кезеңдерінде кәсіби маман даярлауда 60 жылдық тарихы бар Шелек политехникалық колледжінің де  қосқан өзіндік үлесі бар. Игі істердің бастамасы ретінде көптеген  мазмұнды шаралар  колледждімізде  жиі өтеді.

Жақында  Шелек политехникалық колледжінде 2018жылы 17-қаңтарда  «Кәсіптік тәжірибе мен дуалды оқытуды ұйымдастырудағы әлеуметтік серіктестіктердің рөлі»тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.Бұл іс-шараның  өту барысында қойған мақсаты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл басындағы Қазақстан халқына арналған жолдауындағы «Жұмыс берушілердітарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып,техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларынжаңарту керек» деген сөз жолдарымен үндес келеді.

Іс-шараның өткізілу мақсаты колледжімізде оқу үрдісіне ауданымыздың өндіріс орындары басшылары мен кәсіпкерлері қолдауы және көмегімен дуалды оқыту әдісін енгізуге қол жеткізу болды.

Аталмыш шараға колледж  Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ аудандық  филиалының директоры Р.Б.Мамырбеков , Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары М.С.Смадилова ,Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының  жетекші маманы Қ.Ә.Мухадиев,коллледж  директорының  ОІЖ орынбасары ,аудандық мәслихат депутаты Ж.С.Абдықадырова,ауданымыздың өндіріс орындары өкілдері, кәсіпкерлер мен колледж әкімшілігі, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Колледж директоры Қ.Қ.Дүйсебаев өзінің кіріспе сөзінде қонақтарға қош келдіңіздер дей отырып,колледж білімгерлерін  бұрын да кәсіптік тәжірибеден өту үшін жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп,көмектерін жасап отырған өндіріс орындары  басшылары мен  кәсіпкерлерге рахметін айтты және өткізіліп отырған шараның қойып отырған мақсатының маңыздылығын ескеріп, қонақтардың дөңгелек үстелді өткізу барысында өз пікірлерін ортаға салып ат салысатынына сенімін білдірді.

«Дөңгелек үстел» бағдарламасы бойынша келген кәсіпкерлер мен қонақтар  Шелек политехникалық колледжінің өндірістік оқытуға арналған материалдық –техникалық базасымен,шеберханалар  мен зертханалармен танысты.

«Аспаз» біліктілігі бойынша білімгерлермен «Суық

тағамдар»тақырыбында өткізілген шеберлік –сынып сабағында өндірістік оқыту шеберлері Л.А.Сергиенко және Р.Т.Идрисова өз тәжірбиелерімен таныстырды. Болашақ аспаздардың өз қолымен әзірлеген дәмді тағамдары келген қонақтарға өте ұнап, олар жоғары бағаларын беріп жүрек жарды тілектерін айтып риза болды.Кәсіптік тәжірибе кезінде бұрын да қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өздерін көрсете білген білімгерлеріміз Халықова София,Хаджимуратова Валентина,Ковакиди Николай мен Имамениязов Тахир секілді іскер жастардың кәсіпкер,жуырда ашылған  караоке-бар басшысы Г.Т.Усенованың өз ұйымында жұмыс істегенін қалайтынын жеткізді.

Келесі кезекте ұсынылған колледждің білімгерлерінің техникалық шығармашылық жұмыстары көрмесі  кәсіпкерлерге ұнады.Биылғы жылғы өткен кіші ғылыми академиясы аймақтық конферециясында 1-орынды иеленген 2-курс білімгері АзаматовРустамның жасаған қондырғысын көріп тамашалаған автокөлік жөндеуші кәсіпкерлеріміз ризашылығын білдіріп.өз кәсіпорындарына білімгерімізді шақыруды да ұмытпады.

«Электргазбен дәнекерлеуші»тобының өндірістік оқыту шебері С.В.Аврьясев пен шеберхана меңгерушісі Қ.Н.Сағымбеков аргон  пісіру қондырғысында білімгердің қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

«Автокөліктерді  жөндеуші слесары» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері  А.Т.Иминов,А.Т.Исламов өндірістік оқыту сабақтарына арналған білімгерлердің өз қолдарымен жасаған оқу құралдарымен таныстырды.

Одан әрі жалғасын тапқан «Дөңгелек үстел»  жұмысы барысында ой бөлісіп,пікір алмасуға арқау болатын мәселе бойынша мен қажетті ақпарат беріп,дамыған Еуропа мемлекеттерінен бастау алып,осы елдер экономикасының  жылдам дамуына оң әсерін беріп отырған дуалды оқытудың маңыздылығына ,қажеттілігіне және қол жеткізер нәтижелеріне тоқтала кеттім.Сонымен бірге қонақтарға  өз мемлектіміздің даму жағдайында жұмысшы  мамандарын даярлауда  дуалды оқытуды енізу ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және ондағыколледждің  әлеуметтік серіктестіктерінің маңызды  орын алатынынжеткіздім.Өзіміздің білім ордасында биылғы оқу жылында «Аспаз» мамандығы бойынша дуалды оқыту әдісін 1-курс білімгерлерінің алғашқы тобына енгізгеніміз жөнінде  қонақтарды хабардар еттім.

Колледждің оқу үрдісіне дуалды оқыту әдісін енгізудің мүмкіндіктерін іздеу мен ондағы  әлеуметтік серіктестердің рөлі жөнінде «Еркін микрофон» пікір алмасуыарқылы  шараға қатысушы кәсіпкерлермен өндіріс орындары өкілдері  өз ойларын ортаға салып,пікір алмасты.

Шараға қатысқан Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ аудандық  филиалының директоры Р.Б.Мамырбеков , Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары М.С.Смадилова ,Шелек электр торабы аймағының бас инженері Б.Т.Малдыбаев,«ЮЗВ»кондитер цехының меңгерушісі Е.Н.Шатохина , «Фитосанитар» ЖШС-нің маманы Р.Г.Бахамов, кәсіпкерлер А.Ю.Сейпатов Ш.Ш.Камашев, Г.Т.Усенова, Т.И.Абдрашитовтер пікір алмасуға негіз болып отырған мәселе бойынша өз ойларымен бөлісіп,пікірлерін білдірді.Олар өз сөздерінде жаңа бағдарламаларды енгізу нәтижесінде  өндірістік сабақтар  нақты өндірістік жағдайда өткізілетіндіктен  білімгерлердің алған біліктілігі дәрежесінің жоғары болатынын,кәсіпорын мен білімгердің өндіріс үрдісінде бір-бірімен білісуі білімгер үшін өзінің болашақ жұмыс орнын,ал кәсіпорын өзінің болашақ маманын танып білуіне оң әсерін тигізетінін айтып өтті.Ой бөліскен кәсіпкелер бұл бастамада қолдау көрсететіндерін айта отырып,оқу жоспарларында өндірістік оқыту сабақтарының тақырыптары  мен өткізілу уақыттарын жоспарлауда  кәсіпорындардың сұранысы мен маусымдық жұмыстар ерекшеліктерін ескеру керектігіне тоқталды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына директордың ОТЖЖ орынбасары И.А.Турганов,колледж әдіскері З.Т.Ахметова,аға шебер М.Қ.Адиев және арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері де шараның жоғары деңгейде өтілуіне өз үлестерін қосып  ат салысты.

Қорыта айтқанда, кәсіпкерлермен  ынтымақтастықта бас қосқан Шелек политехникалық колледжінің оқу үрдісінде ауданның өндіріс орындары мен кәсіпкерлерінің базасында  дуалды оқытуды енгізудің нақты мүмкіндіктері қарастырылу мақсатында өткізілген шарасының маңызы  ерекше.Себебі, оның әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса алуына кепілдік беретінін ескерсек, дуалды оқыту –біздің түлектердің кадр ретінде өндіріске қажеттілігі мен  бәсекеге қабілеттілігінің кепілі емес пе!

Автор:
Серік Әлиасқарұлы Байсубанов, Шелек политехникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары