Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысында үш тақырып бойынша брифинг өтті


20 февраля 2018, 09:35 | 1 120 просмотров



ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасымен бекітілген ақпан айының қысқы мерзімдегі төтенше жағдайларды алдын алу тұралы медиа-жоспарды орындау мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментімен 2018 жылдың 19 ақпанында облыс тұрғындарының иісті газдан улану себептерінің жиілеп кетуіне байланысты «Алматы облысының Орталық коммуникация қызметінің» филиалында «Мұзда, қардың ауытқуында, көк тайғақтағы қауіпсіз шаралары», «Жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы», «Судағы қауіпсіздік» тақырыптарында брифинг өткізілді.

Брифингке «Огни Алатау», «Жетісу» облыстық баспасөз басылымдары, «Талдықорған» қалалық басылымының, облыстық «Жетісу» және республиқалық «Хабар 24» телеарнасынының өкілдері қатысты.

Брифингке спикер ретінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Шальдюпов Серік Жеңісұлы, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Қатышева Толқын Қарақойшықызы, «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Чарапиев Сайлаубек төлеубекұлы сөз сөйледі.

Брифингте облыстағы тұрғын сектордағы от жағу маусымы кезеңі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырған кездегі болған өрттердің талдауы мен Департаментпен оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің от жағу маусымына дайындық кезеңінде атқарылған жұмыстар, сондай-ақ қар,  көктайғақ туындаған кездегі сақтық шаралар, судағы қауіпсіздік туралы  баяндалды.

Қыс кезіндегі судағы қауіпсіздік бойынша «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Чарапиев Сайлаубек Төлеубекұлы сөйледі. Ол өз сөзінде қыста су объектілеріндегі көптеген төтенше жағдайлардың азаматтардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауына, атап айтқанда, балық аулау кезінде мұздың енін есепке алмауына байланысты ағымдағы жылдың ақпан айында автокөліктің мұзға құлап кетуі бойынша үш ТЖ орын алды. «Жерасты өткелдері мен өтетін жерлерді жергілікті атқарушы органдар айқындайды» деп жедел-құтқару жасағының бастығы атап өтті.

Брифингті өкізудің негізгі мақсаты мұзда, қардың ауытқуында, көк тайғақтағы қауіпсіз шаралары және жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы талаптарын тұрғындарға жеткізу және қыз кезінде судағы қауіпсіздік туралы болып табылады.

Журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанғаттандырарлық жауаптар алды.

Автор:
Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы