Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚР ІІМ ТЖК ІІІ-ші қысқы чемпионатында жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпион атанды


20 февраля 2018, 12:57 | 1 152 просмотра



2018 жылдың 12-16 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ІІІ-ші қысқы жасөспірімдер арасында чемпионат өтті , онда Алматы облысының кіші, орта және ересек топ жасөспірімдері қатысты. Бірінші орынды кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту бойынша Талдықорған қаласының №14 мектеп гимназиясының 8 «Б» сынып оқушысы Байболат Мейр Әділұлы иеленді. Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша екі жыл бойы тынбай жаттыққанның арқасында Мейр жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Алматы облысының жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы, спорт шебері, азаматтық қорғау капитаны Қожабеков Құрмет Бейсембекұлы. Сондай-ақ қоссайыс бойынша ерлер арасында 3-орынды Қазақстан Республикасының спорт шебері азаматтық қорғау капитаны Сүлейменов Бахыт Исатайұлы иеленді.

Аға жаттықтырушы, азаматтық қорғау майоры Орынбаев Сакен Төлеубекұлына, Алматы облысы өрт сөндіру-құтқару спорт федирациясының директоры Қойшыбаев Нұргелді Байғонысұлына, жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы, азаматтық қорғау капитаны Қожабеков Құрмет Бейсембекұлына ересектер мен жасөспірімдер командасын лайықты тәрбиелеп, Алматы облысы ТЖД республикалық маңызы бар жеңіс алып бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әрі қарай жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Алматы облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі жасөспірімдерді осындай жеңіске жетіп, биіктерден көріну үшін өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысуға шақырады.

Қ. Қожабеков

Алматы облысы ТЖД

«ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ

Өрт сөндіру-құтқару спортының

жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы

азаматтық қорғау капитаны

Автор:
Қ. Қожабеков Алматы облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ