Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ҚУАІПСІЗ КӨЛІК» НАУҚАНЫ


20 февраля 2018, 06:58 | 2 488 просмотров



Текелі қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен Текелі қаласының ІІБ ЖПҚ қызметкерлерінің бірлесуімен «Қауіпсіз көлік» науқаны өткізілді.

Онда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автокөліктерге ерекше көңіл бөлінді. Науқан барысында көлік иелеріне автокөлікті пайдалану барасында сақталынатын өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді. Қазіргі жағдай көрсеткендей, апат немесе ЖКО барысында автокөлік жүзден бір жағдайда ғана өртенеді – жанармай багына немесе отындық жүйеге зақым келгенде. Басқа жағдайларда өрт қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғандықтан және электр сымдар жүйесіндегі тұйықталудан, отын беру жүйесінің ақауынан, салонда темекі шегуден, оңай жанғыш жүктерді тасымалдау барсындағы ұқыпсыздықтан, жанармайдың төгілуі және тұтануы, машинада сақталған тозығы жеткен майланған заттардың өздігінен жануы немесе машинаға жоғары кернеулі сымдар құлағанда және т.б. жағдайларда болады.

Жану мен өрттің басты белгілері түтін, жанған рәзеңке иісінің болуы, жанған жерден түтіннің шығуы, қарсы немесе жол жөнекей кездескен көлік жүргізушілері байқап қалуы мүмкін екендігін атап өткен жөн.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін автокөлік иелеріне төмендегідей ұсыныс тасталады: айына кемінде бір рет автокөліктің тоқ жіберуші және отындық жүйелерін білікті мамандарға көрсету; жүксалғышта ақаусыз өрт сөндіргіш сақтау, машина капотының астында майланған шүберектер қалдырмау; қозғалтқышты шүберекпен жаппау; жылдың суық мезгілдерінде қозғалтқышты жылыту үшін оттың ашық көздерін пайдаланбау; машинаның электр жабдығын өз бетінше жөндемеу.

Автокөлік иелеріне автокөлікті пайдалану барысында қауіпсіздік шараларын сақтау ескертілді. Құтқарушылар автокөлік иелеріне жедел қызмет келгенше жарақат алушыларға алғашқы дәрігерлік көмек қалай көрсетілу керектігін үйретті. Себебі төтенше жағдай бола қалған жағдайда осы білім мен шеберліктің арқасында адам өмірін аман алып қалуын мүмкін.

Автор:
Қ. Қалықов Текелі қаласының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры