Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

22 ақпанда Алакөл ауданында Іскер әйелдердің форумы өтеді


21 февраля 2018, 10:25 | 1 203 просмотра



Іс-шара Алакөл ауданы Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылып, бизнес-қоғамдастық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, жеке кәсіпкерлікке қатысуын, бастамаларын қолдау мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. 

Алакөл ауданы Іскер әйелдерінің форумына Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің хатшысы, Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева, Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаевтың, сондай-ақ, бизнес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің әйел басшылары қатысады. 

Форум аясында «Табыскер әйел келбеті» атты аудандық кәсіпкер әйелдердің жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылады. Әйел кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау механизмдері мен өзекті мәселелер талқыланатын болады. Кәсіпкерлікті қолдау құралдарын түсіндіру жүргізу бойынша «Даму» қоры, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, «Сбербанк» АҚ ЕК филиалы, Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Өткізілетін уақыты: 22 ақпан, 09:30

Өтетін орны: Үшарал қ-сы, «Бәйтерек» мейрамханасы

Автор:
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы