Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы кітапхананың рөлі"


19 марта 2018, 04:44 | 3 584 просмотра



Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог-кітапханашылары өздерінің дамыған мемлекеттерден (Финляндия, АҚШ, Сингапур, Оңтүстік Корея) алған білімдерін қала, аудан, ауыл мектептерінде тәжірибе негізінде енгізуде. Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында қалалық жалпы білім беретін мектеп кітапханашыларына арналған ақпараттық сауаттылық дағдыларын дамыту мақсатында "Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы кітапхананың рөлі" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар қорытындыларын бүгінгі күнде әр мектептердегі оқу сауаттылығын арттыру жобалары бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралардан көруге болады. Қазіргі таңда еліміздің облыстық білім беру басқармаларының тапсырмасыменәр ауданның әдіскері мен  жауапты кітапханашысы өз аймақтарына семинар өткізіп, Зияткерлік мектептерден алған білімдерін таратуда.

Зияткерлік мектептердің педагог-кітапханашыларының күн тәртібінде көптеген жобалар мен акцияларды өткізу жоспарланған. Сондықтан, әрбір іс-шараны өз мектебінде өткізгеннен кейін, жалпы білім беретін мектептердегідиректордыңтәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, кітапханашылары мен мұғалімдеріне оқу сауаттылығын арттыру бойынша заманауи әдіс-тәсілдер үйретіледі. Семинарлар бұрынғы лекция түрінде емес, тәжірибеде қолдану арқылы жүргізіледі.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру болса, Зияткерлік мектептің кітапханалары кітап оқуға баулитын түрлі іс-шаралар арқылы осы мәселенің шешімін табуда. Семинар қатысушыларына кіріктірілген сабақтарда «Keyword Hexagon» әдісін тиімді қолданудың жолдары жөнінде, оқушыны кітап оқуға тартуда «Кітапты тап»,  «Үш баған»,  «Көлеңкелі поэзия»  сияқты жаңа әдіс-тәсілдері көрсетіліп, артықшылықтары ұсынылды. Сонымен қатар, Зияткерлік мектептердіңөз тәжірибелері негізінде «Кітап әлемінде»отбасылық клубы, «Reading time», «123», «Bookcrossing», «Кітап тосын сыйы», «READx», «Bookstart» инновациялық жобалары таныстырылды.

Осы өткізіліп жатқан іс-шаралар нәтижесінде, оқушыларымыздың барлығы дерлік кітап оқиды деп нық сеніммен айтуға болады.

 

Автор:
Ғалия Нукеева, аға-педагог кітапханашысы. Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп.