Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: БІЛІМ

АЯУЛЫ АНА, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ


19 марта 2018, 05:23 | 2 969 просмотров



«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» Серке Қожамқұлов. 
Шынында, біздің басымыздан қанша ғұмыр сырғыда да,қанша сынақ өтседе, тау қопарып, бел ассақта, бәрі-бір анамыздың алдында тас кәмпәттің тәттілігіне тармасқан топ-томпақ тентектерідей болсақ, балалық бал мінезімізге, шалалық шала мінезімізге шыдай білген, ұстаздарымыздың алдында біз – шәкірт. Ұстаз екінші ана әке. Оның еңбегі өлшеуге келмейдін шексіз шыңырау .Адам күніне 6000-8000 мыңға дейін сөз сөйлейді, ал мұғалімдер одан екі есе көп деп есептей береңіз «ұстаздық еткен жалықпас...» деп бекер айтпаса керек . Осындай қиында қызықты, жауапты да сауапты маман иесінің бірі Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылдық округінің Қ.Сәтбайев атындағы мектеп гимназиясының қазақ-тілі әдебиет пәнінің мұғалімі  Есімова Жанар Орынханқызын атап өткіміз келеді. Есімова Жанар Орынханқызы 1979 жылы  21 маусымда  Ақсу ауданы  Жансүгіров ауылында дүниеге келгеніне үш күн толмай  кішкене сәбидің әкесі н сұрапыл соғыстың салдатты қылып алып кеткен екен. Арада екі жыл өттіп батыр әке соғыстан жаралы оралады. Батыр әкенің қызы сол ауылдағы орта мектепті тәмамдап 1997 жылы Жаркент қаласындағы Жаркент педпгогикалық колнджында  бастауыш пәні мұғалімі бойынша оқуын тәмамдаған. Әже мен атаның тәрбиесін көрген қазақы қыз қазақ әдебиетіне , көркем сөз оқу, өлең шығаруға деген махаббатты оны 2000жылы  Жетісу Мемлекеттік университетінде қазақ тілі әдебиеті пәнінің маманы болуға жол ашты.  2003 жылдан   туған  жерінің  тау тасын І.Жансүгіровтай  сағынған қазақ қызы  өзінің тамандаған мектебіне қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып оралады.  Сол мектеп қабырғасында 15 ші жыл еңбек еткен ұстаз жолы әр қилы қызықтар мен қиындықтарды толы болды. Оның өз мамандығына деген ерекше махаббаты оның жеткен жетістіктерінен көрінеді. 2013 жылы Облыстықт білім басқармасының Алғыс хаты, Алматы облыстық тілдер басқармасының дипломы, 2014-15 жылдар аралығында өткен, облыстық Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған  байқауында көркен сөз оқу наминациясы бойынша дипломмен марапаталған, 2007 жылы Тынбаева Айжан сынды оқушысы Республиклық І.Жансүгіровтың оқуларынан бас жүлдегері ал 2009 жылы Байболов Әділет есімді оқушысы 1 орын  иегерлері атанған. «Дарын» ғылыми жобасы, «Кіші ғылыми жоба» жарысы, пән олимпиадаларында  жеткен жетістіктері мен көпдеген марапаттары жетерлік. Ұстаздың қазақтың ақын жазышыларының өмір жолын ашылмаған жұмбақтарын оқушыларға таныту мақсатында зерттеген еңбектері, жүрген жолдары, жүздескен ғалымдар, оқымаған кітаптары аз емес. Соның ішінде Ақын Сара , І.Жансүгіров, Біләл Сүлеев секілді ақын жазушылардың ешкім білмеген қырларын оқушыларға танытуда. Ерек еңбек пен оқушыға үйретудегі шексіз мейірімділікпен шыдамдылықты  Есімова Жанар Орынханқызынан тануға болады. Оныңи айтуынша « Алдыма келген оқушы менің бауыр етім балам, менің мақтанышым, менің қуанышым. Оқушымның жеткен белесі менің белесім. «Ұстаздан шәкірт озар»  дейді , Армандарының биік асуын еңсерген шәкірттерім көп, олармен мақтанам қаттанамын» дейді, ол үйінде ғана аяулы ана емес, мектепте де ана.

Бүгінде сыйлы ұстаз мейірімді ана атанып отырған Есімова Жанар Орынханқызын келіп жеткен көктемнің алғащқы мерекесі 8 наурыз халық аралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Біз сізге алдағы ауақытта  отбасыңызға тыныштық, деніңізге саулық, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз.

Автор:
Меруерт Махмұтжан