Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: БІЛІМ

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ ОРДАСЫ


27 марта 2018, 06:55 | 2 309 просмотров



Бүгінгі күні сапалы білім беру еліміздің  басты талаптарының бірі. Халықтық  білім саласын арттыру, ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы. Білім беру жүйесінің қазіргі басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс-тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.

Әлемдік білім кеңістігіне кірудің басты талабы – заман талабына сай мамандарды даярлау болып отыр. Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Білімнің сапалы болуы тікелей таңдаған университет пен  оқытушыға байланысты. Сапасы жоғары университет, саналы маман даярлайтыны сөзсіз. Осындай маңызды мақсаттардың орындалуы мен мемлекетімізде жас мамандарды даярлап,оқытуда көш бастап тұрған университеттердің бірі және бірегейі – І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті. ЖМУ  көпжылдық тарихы бар, әртүрлі салалар бойынша білім беретін мамандар ордасы десек те болады. Университеттің тарихына тереңнен үңілетін  болсақ, Жетісу  университеті– І.Жансүгіров атындағы, Талдықорған қаласындағы мемлекеттік жоғарғы оқу орны. 1972 жылы 25 қазанда, Қазақстан Министрлер Кеңесінің қаулысымен  Талдықорған педогогикалық институты болып ашылды. Кейін 1994 жылы      2 маусымда І.Жансүгіров атындағы  Талдықорған Университеті болып, 1999 жылы 21 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті болып өзгерді. Көп салалы мамандық дайындайтын мекеме болып табылады. Университетте ағылшын тілі, корей тілі, түрік тілдерінде дәрістер оқытылады. Экология және табиғатты пайдалану, информатика, музыкалық білім, қаржы және несие, журналистика, бухгалтерлік есеп және аудит, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және спорт, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік, педогогика және психология, дефектоло- гия, әлеуметтік педогогика, кеден, тарих және құқық, экономика негіздері  және т.б мамандықтар бойынша 4000-астам  студенттерге 260 оқытушы дәріс береді. Сонымен қатар өзім білім алатын мекемеде 2017 жылы «журналистика телестудиясы» ашылды. Телестудияның ашылуы көптеген болашақ жас журналистер үшін  таптырмас мүмкіндік болды. Жылдан жылға білім ордасы мықты тәлімгерлермен толығып, білімгерлер саны артуда. Университет үш оқу ғимаратынан тұрады. Оқу ордасында «бакалавр-магистр-PhD »түрінде үш сатылы мамандар дайындау жүйесі бар. ЖМУ-ды  аяқтаған мамандар бүгінде еліміздің жоғары лауазымдарын иеленіп отыр. Түлектердің қызметке орналасу деңгейі де жоғарғы көрсеткішке ие. Талдықорған қаласында орналасқан бірегей  университет ЖМУ студенттердің қалашығы. Арман қуып келген жастардың мекеніне айналған мекеме. Қазақ жастарын жарқын болашаққа жетелейтін, талай азаматты тәрбиелейтін білімнің ордасы.

Автор:
Аспазия АЙДАРҚЫЗЫ