Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: БІЛІМ

Білімнің алды жарық...


27 марта 2018, 07:07 | 3 067 просмотров



«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»  Шоқан Уәлиханов.  Күнді 365 күн айналатын жерде жеті миллиардқа таяу халықты, тыныштықпен берекеде ұстайтын, діңгегі мықты тіреудің бірі – білім.  ХХІ ғасырда қарыштап дамып жатқан елдермен терезесін тең ұстап келе жатқан Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі жоғары деңгейде десек артық айтқанымыз емес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова  «Білім беру саласын дамыту елдің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Білім берудің ұлттық моделі жасалып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып Болон үдерісінің және Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің толыққанды мүшесіне айналды. Еліміз ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша әлемнің үздік 8 мемлекетінің қатарына кіреді » -  деп айтқан болатын.  Осы орайда еліміздің білім беру жүйесі соңғы 10- 15 жылда еш кедергісіз жылдамдықпен дамығаны анық байқалады.  Республиканың белді қалаларынан басқа да облыс қалаларында тіпті аудандарда білім беру сапасы жақсарып келеді.  Атап айтқанда, Алматы облысы, Талдықорған қаласында орналасқан,  тарихы тұңғиық терең  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

Жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтің есімі берілген бұл университет алғашында 1972 жылы  25 қазанда Қазақстан КП ОК мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №572 қаулысымен Талдықорған қаласында Талдықорған педагогикалық институты болып құрылған. 1972 жылы 25 қазанда Қазақстан КП ОК мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №572 қаулысымен Талдықорған қаласында Талдықорған педагогикалық институты құрылды. 1973 жылы  1-ші  қыркүйекте филология және физика-математика факультеттерінде 325 студент (225 күндізгі, 100 сырттай бөлімде) білім алды. Институт 4 мамандық бойынша педагогтарды даярлады: физика, математика, қазақ және орыс мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті. Оқу үдерісін  5 кафедрада 25 оқытушы, оның ішінде 11 ғылым кандидаттары жүзеге асырды. 1977 жылы 1 қыркүйекте музыка-педагогика факультеті ашылды. Тек 1977 жылы 10 қазанда Талдықорған педагогикалық институтына  қазақтың көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіровтің аты берілген. Киелі университет табылдырығын еліміздің  біртуар азаматтары, 1982 жылы  21 шілдеде  қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев келсе, 1992 жылы желтоқсан айында  – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын көріп қайтты. 1999 жылы 21 сәуірде ҚР Үкіметінің № 441 қаулысымен І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті болып өзгертілді. Жыл сайын өсіп өркендеген университет 2007 жылы  28 қазанда  Шыңжан экономика және қаржы университеті (ҚХР, Үрімжі қ.) мен І.Жансүгіров  атындағы Жетісу мемлекеттік университеті арасында өзара тиімді серіктестік жөнінде келісімге қол қойылды.  2013 жылы  сәуір – Конджу Ұлттық университетімен серіктестік жайлы келісімге қол қойылды (Оңтүстік Корея). 2013 жылы  28 қарашада университет Варшава университетімен меморандумға қол қойылды. 2015 жылы  сәуір айында  – бакалавриат пен магистратураның 16 білім беру бағдарламасы ACQUIN халықаралық аккредитациясынан өтті.  Осы жылдары киелі білім шаңырағы үшін тер төккен ректорлардың еңбегі де аз емес.Атап айтқанда: (1972-1977 жж.) Рустемов Лениншил Зиябекұлы, (1977-1987 жж.) Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы, (1987-1989 жж.) Салагаев Валерий Георгиевич, (1990-1995 жж.) Жапаров Жомарт Жапарұлы, (1996-1998 жж.) Касабек Аманжол Касабекұлы, (1998-2001 жж.) Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы, (2001-2008 жж.) Медеуов Есенгелді Өміржанұлы, ( 2008-2016) Бектұрғанов Әбдіманап  Елікбайұлы, 2016 – шы жылдан бастап география ғылымдарының докторы, профессор, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының академигі  Баймырзаев Қуат Маратұлы  университет ректоры болып сайланды.

Бүгінгі таңда, киелі білім ордасы көп салалы мамандықтарды даярлайтын мекеме болып табылады. Университетте ағылшын тілі, корей тілі, түрік тілі, қытай тілі, неміс тілі және де басқа тілдерде дәріс оқылады. Экология және табиғатты пайдалану, информатика, музыкалық білім, қаржы және несие, журналистика, бухгалтерлік есеп және аудит, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және спорт, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік, педогогика және психология, дефектология, әлеуметтік педогогика, кеден, тарих және құқық, экономика негіздері  және т.б мамандықтар бойынша 4000-астам  студенттерге 260 оқытушы дәріс береді. Оның ішінде ҚР-ның Ғылым академиясы салаларының және халықаралық академиялардың корреспондент мүшелері, профессор - докторлар, философия ғылымдарының докторы, ғылым кандидаттары, магистрлар,  доценттер студенттерге білім береді.

2017 жыл І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті үшін өте жемісті жыл болды. Университеттің құрылу тарихына 45 жыл. Журналистика мамандығында білім алатын білімгерлер үшін жаңа « Мектеп телестудиясы»  ашылды. Ағымдағы жылы да университет жақсы жаңалықтармен қуантады деген сенімдеміз. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті- армандарға қанат бітіретін, мақсатты айқын ететін білім ордасы.  Сенде өз арманың мен айқын мақсатыңа жеткің келсе І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне кел!

Автор:
Меруерт МАХМҰТЖАН