Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жұқпалы емес аурулар денсаулық сақтаудың жаһандық мәселесі сияқты»


3 апреля 2018, 04:00 | 4 556 просмотров



Жұқпалы емес ауруларды алдын алу – Үкіметттің, қоғам мен кәсіби медициналық қоғамдастықардың бірлескен қызметтерінің басымдық бағыттарының бірі.

Жұқпалы емес аурулар (ЖЕА) созылмалы аурулар сияқты белгілі, әдетте ұзақ уақыт бойғы ағымда болады және физиологиялық, экологиялық сондай-ақ, мінез-құлық ықпалы мен генетикалық әдістік ықпал ету қорытындысы болып табылады.

ЖЕА негізгі түрлеріне жүрек-қан тамыр аурулары (инфаркт пен инсульт сиякты), обыр аурулары, тыныс алу органдарының асқынған аурулары(өкпенің обструктивті созылмалы ауруы мен астма сияқты) және диабет.

Алматы облысы бойынша 2017 жылы қатерлі ісіктерден қайтыс болғандар 100 мың адамға 60,83 құрады, 2016 жылмен салыстырғанда             (100 мың адамға 64,82) көрсеткіш азайған. 2017 жылы жүрек-қан тамыр ауруларынан қайтыс болғандар 100 мың адамға 129,52 құрады, 2016 жылмен салыстырғанда (126,53) көрсеткіш көбейген.

Аталған аурулардың дамуына салауатты емес өмір салты мен тұрғындардың қартаю ықпалдары мүмкіндік туғызады. Салауатсыз  тамақтану мен жеткізіліксіз физикалық белсенділіктің салдарынан жеке адамдарда қан қысымының жоғарлауы, қандағы глюкоза көрсеткішінің жоғарлауы, семіру мен қандағы липид деңгейінің жоғарлауы сияқты байқалады.

Жұқпалы емес аурулармен күресудің маңызды әдісі болып аталған аурулардың даму қатерінің әрекеттерін қысқарту бойынша мақсатты қызмет болып табылады. Ауруларды ерте деңгейде анықтау үшін скринингтер жүргізу. Әр адам өзінің денсаулығын күтуге міндетті және салауатты өмір салтын ұстану қажет.

Автор:
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ»