Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ


3 апреля 2018, 09:42 | 2 489 просмотров



Наурыз айында Әлеуметтік  медициналық сақтандыру қорына 7,7 млрд теңгеге жуық қаржы түсті

3 сәуір 2018 жыл, Астана қаласы. 

Биылғы наурыз айының 1-і мен 31-і аралығында түскен міндетті медициналық сақтандыру жарнасының мөлшері 7,7 млрд теңгені құрады.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылы наурыз айының соңына дейін МСҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 55,1 млрд теңге көлемінде қаржы аударылған.

Оның ішінде, 46,8 млрд теңге (85% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,3 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 15%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді. 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Жұртшылықпен байланыс департаменті

+ 7 (7172) 647 027, + (775) 562 79 88

Автор:
«ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ