Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысының Талдықорған қаласында «Бақытты балалық шақты қорғау» Акциясы өтті


16 апреля 2018, 10:43 | 1 036 просмотров



Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Н. Қасымов бекіткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Бақытты балалық шақты қорғау» Имидждік жобасын 24 тармағын іске асыру мақсатында, сонымен қатар «Жас Отан» меморандумына сәйкес ағымдағы жылғы 11 сәуірінде «Сити Плюс» сауда және ойын сауық кешенінің холлында Алматы облысының ТЖ Департаменті Талдықорған қаласының ТЖ Басқармасымен және «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп «Бақытты балалық шақты қорғау» Акциясы өтті, онда ата-аналар мен балаларға жұмбақтар айтылып, өртке қарсы тақырыпқа сұрақ жауап түрінде викторина жүргізілді, балалармен өрт қауіпсіздік ережелері талқыланды, «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының волонтерлері флешмоб билеп, Алматы облысының ТЖД және Талдықорған қаласының ТЖБ қызметкерлерімен «Сити Плюс» сауда және ойын сауық орталығының  «Патифуд» және «Бюргер Кинг»желісі сататын пицца мен бюргерлергедің қораптарына балалардың қауіпсіз әрекеті туралыата-аналарға арналған ережесі бар ақпараттық жаднамалар орналастырылды. Соңында қатысушыларға балалардың отпен ойнауын алдын алу жөнінде жаднамалар таратылды.

Акция аяқталған соң адамдар жаппай болатын объектіде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау туралы жаднамалар «Сити Плюс» сауда және ойын сауық орталығына келушілер мен бутиктердің сатушыларына таратылды.

 

Автор:
Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасы


Комментарии


Комментариев нет.

Ваш комментарий:

Ваш IP адрес 54.80.87.250 будет сохранен вместе с комментарием