Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жетісу жерінде Үнділер тарихи фильм түсіруді жоспарлап отыр


20 апреля 2018, 04:53 | 2 549 просмотров



Алматы облысында үнді елінің тарихи фильмі түсірілмек, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Бұл жөнінде өңір басшысы Амандық Баталов пен тарихи фильміді түсіруді жоспарлап отырған «Santoshi Prodaction» кинокомпаниясының мамандары арасындағы кездесуде мәлім болды.

Түсірілім жұмыстары маусым-тамыз айлары аралығында басталмақ. Кино режисері Раджкумар Сантоши өткен жылы Қазақстанға келіп, болашақ фильмінің түсірілімі жүргізілетін жерлерді таңдап кеткен екен. Айтуынша, Үшқоңыр жайлауы, Қапшағай маңы және Шарын шатқалының табиғаты ерекше көрінеді. Нәтижесінде ол осындай тоқтамға келген. Кездесу барысында қос тарап Жетісу өңірінде түсірілетін фильмнің мән жайын талқылады. Облыс әкімі қонақтарға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Айтлық бұл фильм Жетісу өлкесінің әсем табиғатын Үндістан мен өзге елдердің көрермендеріне паш етудің бір мүмкіндігі. Себебі, түсірілім барысында үндістандық журналистер тарихи киноның күнделігін жүргізіп отырмақ.

Фильм жайында қысқаша тоқталсақ, 1897 жылы Сарагархи түбінде тарихи үлкен шайқас болған көрінеді. Кино майталмандарының айтуынша Сарагархи түбіндегі әскери қарауылдау бекеті үшін сикхтық 21 сарбаз жаудың 10 мың әскеріне қарсы тұрған екен.

Айта кетейік, түсірілім барысында адам санының көп болу қажеттілігі туындаған жағдайда фильмге жергілікті тұрғындарды да тарту жоспарда бар.