Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Орман және дала өрттеріне арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығу


21 мая 2018, 09:39 | 1 039 просмотров



Ыстық ауа райы орман алқаптарында туындайтын өрттің санын одан сайын арттырады. Апаттың негізгі себебі – сөндірілмей тасталған алаулар, темекі тұқылдары және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау.

2018 жылдың 18 мамырында Алматы облысы Талдықорған қаласы «Орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінде орман және дала өрттерін сөндіру бойынша біріккен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Жаттығулардың басты мақсаты - орман шаруашылығы мен азаматтық қорғау органдары арасында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара әрекеттесуді іс-жүзінде өтеу.

Жануды дер кезінде анықтау, жедел және үйлесімді әрекет жасау – біріккен жаттығуларға қатысатын қызметкерлердің негізгі міндеті. Өртті барлық орманға таратпау мақсатында ауыр техника минералданған жасақтар салады.

Өрт сөндіру командасының және орман қорықшыларының үйлесімді, нақты іс-әрекеттерінің арқасында жану ошағы тез арада жойылды.

Өрт қауіпті кезінде орманда тыйым салынады:

- алаулар жағуға, тамақ әзірлеу үшін мангалдарды және т.б. құралдарды пайдалануға;

- темекі шегуге, жанған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтыруға, темекі шегу трубкасынан ыстық күлді шашуға;

- оқ ататын қарудан атуға, пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға;

- орманда майлы, бензин, керосин немесе өзге жану заттары сіңген сүрту материалдарын қалдыруға;

- жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқыштарының бактарына жанар-жағар май құюға, қозғалтқыштың жарамсыз қуаттандыру жүйесімен техниканы жұмыс істеу үшін шығаруға, сондай-ақ, жанар-жағар май құйылып жатқан көліктің қасында темекі шегуге немесе от жағуға;

- күн сәулесі түсіп тұрған ашық алаңдарда шөлмектерді, шыны сынықтарын, өзге қоқыстарды тастауға;

- егістіктерде шөпті, сондай-ақ егілген егіннің орнын жағуға.

Бірлесіп өткізілген өрт-тактикалық жаттығудың нәтижесі бойынша анықталғаны, барлық қызметтер қойылған міндеттерді орындап шықты.

 

Автор:
Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ