Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті


21 мая 2018, 03:41 | 2 796 просмотров



Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және Мемлекеттік қызметі туралы, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті 

2018 жылдың 17 мамыр күні Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің заң тобы, Департаменттің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д.Байсариевтың төрағалығымен тиісті мемлекеттік қызметтердің өкілдерін тарта отырып, Департамент және оның құрылымдық мекемелері қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және Мемлекеттік қызметі туралы, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңдарын түсіндіру және талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараға Алматы облысының Еңбек инспекциясы бойынша Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Карипов Әлімжан Кәкімжанұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Досыбаева Айгүл Төлегенқызы, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының Еңбек ақы төлеу және зейнетақы тағайындау бөлімінің бастығы полиция-майоры Жексенбекова Жазира Кенжегуловна қатысып, баяндама жасап және өз салалары бойынша түскен барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Автор:
Қ.Асылбекова Алматы облысы ТЖД Заң тобының бас маманы