Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ата Заңым-ардағым


17 сентября 2010, 16:19 | 2 863 просмотра


Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясын оқып үйрене отырып, оқушыларды шыншылдыққа, әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу арқылы Конституцияның баптарын меңгерту, Отанын, елін қорғауға және сүюге баулу.

Өтілу әдісі: сабақ-жарыс.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, қабырға газеті, нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе cөзі. Биыл еліміздің Негізгі Заңы үшін мерейлі жыл.1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Тарихи құжаттың беташарында былай деп жазылған: «Біз,ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркін,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.»

Демек, бұдан біз өзіміздің қандай қоғамда, ұлы мақсатымызды қалай жүзеге асырып жүргенімізді анық аңғарамыз.

Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді.Сынып 2 командаға бөлініп,өздеріне ат қояды және алдарындағы Конституция баптарымен танысады. Жарыстың ережелері: әр команда 20,30,40,500 ұпайдан тұратын сұрақтарды таңдайды.Сұраққа жауап бере алмаған команда ұпайынан айырылып,екінші командаға жауап беруге мүмкіндік беріледі. 500 ұпайдың сурет сұрақтарына үш жеңілдік беріледі,бірақ әр жеңілдік алған сайын 100 ұпай шегеріледі.

20 ұпай сұрақтары:

1.Қ Р Конституциясы қашан қабылданды?

2.Мемлекет үшін ең қымбат қазына не?(1- бап 1 тармағы.)

3.Қазақстан қай басқару нысандағы мемлекет? (2-б.,1т.)

4.ҚР мемлекеттік рәміздерін ата.( 9-б.)

30 ұпай сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасы және Қазақстан атаулары бір ме?(2-б.,4 т.)

2.Мемлекеттік биліктің бастауы кім?(3-б.,1 т.)

40 ұпай сұрақтары:

1.ҚР әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы не?(36-б.,1,2 т.)

2.Әрбір ҚР азаматы нені құрметтеуге міндетті?(34-б.,1,2 т.)

500 ұпай сурет-сұрақтары:

1.Суреттегі кейіпкердің атын,ертегі немесе әңгіменің авторын ата.

2.Суреттегі сюжетті қысқаша баяндап бер.

3.Ата Заңның қай бабы бұзылғанын aйт.

1 сурет-сұрақтың жауабы:

1. «Буратиноның басынан кешкен оқиғалары» Алексей Толстой.

2.Буратино мектепке бармай,Мысық пен Түлкінің артынан еріп кетті.

3.Конституцияның 30-бап,1 тармағы бұзылды.

2 сурет – сұрақтың жауабы:

1. «Қасқыр мен қозы» мысалы Иван Крылов.

2.Қасқыр Қозыға күш көрсетіп, қатыгездік жасайды.

3.Ата Заңның 17-баптың бұзылуын аңғарамыз.

3 сурет- сұрақтың жауабы:

1. «Қоянның үйі» орыс халық ертегісі.

2.Түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кеткенсоң,Қоянның үйіне баса көктеп кіріп,өзін қуып жібереді.

3.Конституцияның 25-баптың 1 тармағы бұзылды.

Ұпай сандары есептелініп, жеңімпаз команда анықталады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасының Конституциясы адам үшін жасалған, адам өміріне кепілдік беретін әділ де, парасатты Заң. Ата Заң 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Осы Ата Заңымыз алдағы уақытта да жарқын болашағымыздың берік тұғыры, Отанымыздың гүлденуі мен көркеюінің бастау бұлағы.

Автор:
Ж.Т.БЕКНОВА, Шолаққарғалы орталау мектебі Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жамбыл ауданы