Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Рухани жаңғыру – сананың ашықтығы,білімнің өркендеуінде!


25 мая 2018, 11:06 | 1 060 просмотров



Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы да білімге құштарлықты арттыруға ерекше мəн берумен қатар, бəсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, сондай-ақ сананың ашықтығы жайында, өткеннен сабақ ала отырып, тарихқа көз жүгірту, болашаққа нық қадам жасай білуге шақырды. Қазіргі таңда бірлігі мықты, біртұтас ел болып жатырмыз. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» - деп президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев айтқандай, тарихтың шаңына емес, келешектің қойнауына бой ұсынған абзал. Əрине, өткеннен сабақ ала отырып, болашағымызға сапар шегуіміз керек. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдардағы орындалатын мідеттерді атап көрсеткендей: 1. Қазақ тілін біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» бағдарламасы; 4. Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»жобасы; 5. «Жаһандану замануи Қазақстандық мəдениет» жобасы; 6. «Қазақстандағы 100 Жаңа есім» жобасы. «Біздерге қазіргі заманғы жəне болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет» - деген болатын.

Аталмыш міндеттердің бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады…

Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.

Қорыта айтқанда, бұл Елбасының ұтымды қағидасы, халқына деген асыл үндеу өсиеті. Рухани жаңғыру - адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі өзгерісті қабылдай білуі. Тарлан тарихтың, жасампаз бүгіні мен жарқын болашағын үйлесімді үйлестіретін ұлт жадының тұғырнамасы. Осы тұғырнамадан ауытқымай, елбасымыз ұрпаққа мензеген дара жолымен биік-биік шыңдарды бағындыратынымызға сенімдімін!

Автор:
І.Есенғабылов, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы п.ғ.к.