Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Педагог қызмектерлерді аттестациялау- Білім сапасын арттыру кепілі


23 сентября 2010, 20:27 | 11 635 просмотров



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес педагогикалық қызметкерлер теориялық және тәжірибелік дәріс беру дағдысын меңгеруге, білім сапасын жетілдіруге, үнемі кәсіби шеберлігін, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін жетілдіруге міндетті.

Осы мақсатта аттестациялау үрдісі жыл сайын жүргізіледі. Бұл мұғалімдердің мәртебесін арттыруға, олардың әлеуметтік-материалдық деңгейін көтеруге апаратын даңғыл жол.

Аттестациялаудың негізгі мақсаттары:

Педагогтың құзырлығының деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау.

Педагогтің қызмет саласының әрекет ауқымын кеңейту.

Аттестация екі кезеңнен тұрады: тестілеу әр жылдың 15 қазан-15 желтоқсан аралығында және педагог қызметкерлер қорытындысын сараптау 1 қаңтар-31 наурыз аралығында жергілікті білім мекемелерінде, 1 сәуір және 1 шілде білім басқармасында жүргізіледі.

Педагог қызметкерлердің өз өтініштері бойынша білім мекемелері басшылары оларды аттестациялық тізімге енгізеді және тестілеуден өткізеді. Тестілеуден оңды нәтиже алған қызметкер аттестациялаудың екінші кезеңіне жіберіледі. Ал тестілеуден тиісті нәтиже ала алмай қалған жағдайда, белгіленген мерзім ішінде екінші рет қайталай тестілеуден өтуге мүмкіндік алады.

Егер екі ретте де тестілеуден де тиісті нәтиже жинай алмаған жағдайда, педагогтың біліктілігі төмендетіледі және екінші кезеңге жіберілмейді.

Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша білім мекемесінің аттестациялық комиссиясы өтініш берушіге тиісті санатты беру және растау немесе санатын төмендету туралы шешім шығарады. Бірінші кезеңнің материалдары екінші кезеңнің материалдарымен бірге тігіледі.

Екінші кезеңде мұғалімнің жектен жетістігі, оқушыларының жеткен жетістігі, марапаттары, озық тәжірибелерін тарату мақсатында облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланған әдістемелік жұмыстары, кітаптарының бар-жоғы, оның мазмұны есепке алынады.

Білім мекемесі АК-ның шешімін тиісті құжаттарымен бірге аудандық немесе облыстық АК-ның қарауына жібереді.

Бұл әлемдік білім кеңістігіне енген дамыған елдердің тәжірибелерін қабылдауға мүмкіндік туғызып отыр. Онда аттестациялау азаматтардың еңбек ету құқығы мен оны шынайы бағалаудың формасы ретінде жүзеге асырылады және тестілеу педагог қызметкерлерді аттестациялаудың ең кең таралған түрі болып есептеледі.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тестілеу -мұғалімдердің біліктілік деңгейін бағалаудың ең тиімді, оңтайлы, аз шығынды қажет ететін әдісі болып табылады.

1999 жылдан бастап Ресейде педагог қызметкерлерді тестілеу әдісі енгізілген.

Соңғы үш жылда Краснояр өлкесі, Тамбов, Псков, Ярослав, Твер облыстарында, Санкт-Петербург қаласы, Саха республикасына (Якутия) аттестация кезеңінде мұғалім-

дер біліктілік тестілерін тапсырады, портфолио үлгісінде құжаттар дайындайды, біліктілік курсынан өткендігі туралы құжатын көрсетеді.

Жапонияда мамандық беру емтиханы 2 кезеңнен тұрады, біріншісі оқу жылының басында шілде айында, екінші рет қыркүйек айында, бұған бірінші кезеңнен оң нәтиже алғандар жіберіледі.

Қазақстанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 1999 жылы әкімшілік реформалар аясында мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу әдісі енгізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тестілеуді қолдану аясы кеңейтілді. Мемлекеттік қызметкерлерден өзге құқық қорғау органы қызметкерлері, соттар (лауазым алу кезінде), денсаулық сақтау қызметкерлері тест тапсырады. Сондай-ақ мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тест тапсырса, «Болашақ» степендиясын алушылар да тест тапсырады.

Педагогикалық қызметкерлер біліктілігін бақылау Германия, Жапония, Қытай, Финляндия, АҚШ, Австрия, Ұлыбритания сияқты мемлекеттерде аттестациялық тест түрінде жүзеге асырылады.

Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония, Норвегия, Франция, АҚШ сынды мемлекеттерде бір ғана жоғары оқу орнын бітіргені жөнінде диплом немесе мамандану курстарын аяқтап шығу аздық етеді. Ұстаздық ету мүмкіндігіне тек арнайы кәсіби тестілеуден өткен соң барып ие болады.

Кәсіби тестілеу ұсынылған Ереже-нұсқа бойынша маманның пәнді меңгеру, психологиялық, педагогикалық және құқықтық дайындығын анықтайды.

80 тестілеу тапсырмасы ұсынылады: оның 40-ы пән бойынша, ал қалған 20-сы – педагогика, психологиядан, 20-сы заңдылықтарды меңгеру дәрежесін тексереді. Жалпы уақыт – 160 мин (2 сағат 40 мин.)

Жоғарыда атап өткенімдей, тестілеудің дифференциациясы, тест тапсырмаларының сапасына байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектепке дейінгі тәрбие берушілерге, бастауыш сынып ұстаздары мен арнайы білімді қызметкерлерге берілетін тапсырма саны – 40, уақыты – 80 мин. Негізгі, орта, жоғары білім берушілерге – 70 тапсырма, 140 минут уақыт аралығында. Физика, химия, математика пәнінің мұғалімдеріне – 80 тапсырма, 175 минут уақыт беріледі.

25 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздар жоғары категориясын нақтылауда және зейнетке шыққандар аттестацияның алғашқы сатысы тестілеуден босатылады.

Тестілеу өтілім көрсеткіші дұрыс жауаптар 70% жоғары болғанда оң нәтижелі болып есептеледі, бұл пайыздық көрсеткіш педагогика мен психологияда – 50%, заңнамалықта – 50%.

Ұйымдастыру жағы келесідей: тестілеудің өткізілуі жөнінде 2 апта бұрын хабарланады, министрліктің сайтында баламалы тест (нұсқалары) салынады, алдын-ала тренинг, семинар, тестілеу жүргізіледі.

Тестілеу, техникалық жабдықталу мен тестілеуді өткізу ҚР Білім және ғылым министрлігі технологиясы Ұлттық тестілеу орталығының құзыретіне жатады.

Тестілеуді өткізу жөніндегі жауапкершілік аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық білім басқармасы және Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.

Аттестациялау Ережелерін талқылауда тестілеудің балама түрде өткізілуі жөніндегі пікірлер айтылған болатын. Алайда, біздің пікірімізше, бұндай тәсіл келесідей қиыншылықтарға әкеп соқтырады:

1. Пікір өзгешеліктері (тестілеуді қаржыландыруға мүмкіндік пен тестілеу қорытындысы арасында);

2. Жыл бойындағы кәсіби тестілеу:

- еркін бағалау мен шынайылыққа жол бермейді;

- жемқорлыққа жол ашады;

- шығын көбейеді, сонымен бірге ҰТО қызметкерлеріне де кедергілер пайда болады.

3. Кәсіби біліктілікті арттыру курстарының мазмұнымен тестілеу тапсырмаларының мазмұны сәйкес келмейді

4. Бір орталықтан орталықтандырылмау тестілеу сапасының дұрыс қадағаланбауына әкеп соғады.

Аттестацияның ІІ кезеңі – ұстаз қызметін жинақы тексеруге мүмкіндік береді, ол соңғы жылдарда нақтыланған тәртіп бойынша жүргізіледі: қызметкерге оқу жылы бойы өз жұмысын көрсету, тәжірибе бөлісу, өз нәтижесі мен жетістіктерін барынша көрсете алуы қажет.

Аттестацияланушының бағасын негізінен білім басқармасының комиссиясы береді. Аудандық (қалалық) білім бөлімдері, басқарма комиссия шешімін құптап, бірінші, жоғары санатты тағайындайды. Егер аттестациялау комиссиясы дұрыс шешімге келмеді деп есептелінсе тағайындалмайды.

Бүгінгі күні тестілеудің осал тұсы – тест тапсырмаларының сапасы мен өткізілу барысы болып отыр. Осыған байланысты, тестілеуді сынақтан өткізуде арнайы мамандар тобы құрылып сапаны жоғарылатуда жан-жақты жұмыстар атқарылды. Қорытындысында өтпелі тестілеу қорытындыларына талдау, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс қорытындыларымен депутаттар танысады. Анықтама үшін: келесідей тестілер дайындалды:

Педагогика мен психология негіздерінен – 200 қазақ тілінде, 800 орыс тілінде;

Заң білу жөнінде – 200 қазақ тілінде, 300 орыс тілінде;

Пән бойынша – 26 мың тапсырмадан жоғары.

Сонымен бірге, мектепке дейінгі, бастауыш сынып, сурет-сызу пәндерінің, информатика, сызу, еңбек, дене шынықтыру, АӘД, музыка пәндерінің ұстаздарына арнайы тапсырмалар қарастырылған.

Бүгінгі күні, тестілеу тапсырмаларын сараптау аяқталуда, бірлесе қызмет етуге мектеп ұстаздары, жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмылдырылған.

Білім қызметкерлерін аттестациялау тәжірибесі барлық мемлекеттерде бар. Негізгі мәні – еңбек сапасына орай жалақы мөлшерін дұрыс анықтау.

Тестілеу өнімділігі ұстаздардың кәсіби ұтқырлықтарынан, оқушылардың білім деңгейінің көтерілуінен және білім берудің сапалығынан айқын көрінеді.

Аттестациялаудың басты мақсаты ұстаз-

ға үстірт баға беру ғана емес, өз кәсіби мәселелерін анық біле және шеше алу дәрежесіне жеткізуге жәрдемдесу.

Автор:
А.С.ҚҰЛАХМЕТОВА, Алматы облыстық білім басқармасының бас маманы