Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мамыр айында Медициналық сақтандыру қорына 8,5 млрд теңгеден астам жарна түсті


5 июня 2018, 15:30 | 1 040 просмотров



Өткен айда Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 8,5 млрд теңгеден асып жығылды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген медициналық сақтандыру жарнасының көлемі шамамен 71,9 млрд теңгені құрап отыр.

Атап айтқанда, 63,4 млрд теңге (88,2% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,5 млрд теңге (11% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтар арасында жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған жарна Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады, делінген хабарламада.

Автор:
Шынар Әлжанова, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі