Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ормандағы-даладағы алқаптардағы өрттерді алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары


19 июня 2018, 04:06 | 2 034 просмотра



2018 жылғы өрт қауіпті кезеңінде азаматтық қорғау органдары  бөлімшелерінің және орман шаруашылығы мекемелерінің

орманды-далалы алқаптардағы өрттерді алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары.

Облыс аумағында – 5,3 млн. гектардан астам жерді мемлекеттік орман қоры алып жатыр, оның ішінде 4,1 млн. гектар Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарына жатады, 1,2 гектары Мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, оның ішінде 2,9 млн. гектар орманды алқапты құрайды.

Өрт қауіпті маусымының басталуымен бірге, орман және дала өрттерінің өсімі болжамданады. Орман және дала өрттері едәуір аймақта орманның бүлінуі және жойылып кетуінің негізгі себептері болып табылады. Орман өрттерінің 80 %-ға жуығы адамның кінәсінен болады.

Қазақстан Республикасы орман кодексіне сәйкес, өрттерден орман қорын күзету және сақтау функциялары орман иелерінің мемлекеттік мекемелеріне жүктелген. Азаматтық қорғау органдары тек қана мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілерді және қоныстанған аумақтарда орналасқан, ғимараттар және имараттарды қорғау үшін арналған. 

2018 жылғы өрт қауіпті маусымында облыс аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою мақсатында, облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен 2018 жылғы өрт қауіпті маусымында Қазақстан Республикасы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде, ұқсас жоспар әзірленді.

Табиғи өрттерге және елді мекендердегі өрттерге әрекет ету үшін және ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығын (бұдан әрі – Бұйрық) іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тұрғындар санынан облыстың 248 елді мекендері және қалаларында, 4789 адам санын құрайтын 275 ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылған. 1 136 бірлік техникасы, оның ішінде 10 өрт автоцистернасы, 651 соқалы тракторлар, 120 су тасығыш және 319 бейімделген техника, 63 мотопомпа, 260 иыққа асқыш бүріккіш сөмке бекітілген, 3988 шартылдақтар және 2295 күректер дайындалған.

Облыста өрт қауіпті жағдайдың ушығуы жағдайына шұғыл әрекет ету ретін белгілеу мақсатында алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 желтоқсандағы №576 қаулысымен «2016-2020 жылдарға дала, тау, орман және тау-орман өрттерін сөндіру барысында әрекеттестік жоспары» бекітілген. Ұқсас жоспарлар облыстың барлық аудандық және қалалық әкімдіктерінде және Департаменттің бөлімшелерінде бар.

Бұдан басқа, Алматы қаласы және Алматы облысы өртке қарсы қызметі гарнизоны бөлімшелерінің шығу ретін реттейтін Алматы қаласы және Алматы облысымен шекаралас объектілерде өрттерді сөндіру және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде бекітілген әрекеттестік жоспары бар.

Өрттердің пайда болуы кезінде әрекеттестік жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың күштері және құралдары, Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің бөлімшелері (бұдан әрі - ЖПҚ), ұлттық гвардияның және қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері жұмылдырылады.

Облыс аумағында орман және дала өрттерін жою бойынша мәселелерді шұғыл шешу мақсатында, департаменттің әрбір бөлімшесінде 41 шұғыл мобильдік топтар белгіленіп, бөлімшенің әскери дайындығын төмендетпей, пайда болған табиғи өрттерді сөндіруге шыға алады.

Ықтимал табиғи өрттерді жою үшін Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» Мемлекеттік мекемесінде әскери дайындықта ЗиЛ-131, Урал базасында жоғары өтімшілік 28 бірлік өрт сөндіру техникасы, сонымен қатар адамдарды жеткізу және таулы-саздылық және қиын қолжетімділік өңір жағдайында қиын жол учаскелері бойынша жылжу үшін «ГТ-ТБ» маркалы 5 жыланбауырлы тасымалдаушы сүйрегіш әскери дайындықта тұр. Өрттерді сөндіру үшін шанцты аспаптар дайындалған, жанармай қоры құрылды.

2018 жылы облыс аумағында 19 гарнизондық жаттығулары өткізіліп ықтымал ірі масштабты орман, дала, тау-орман өрттерін және шалғай елді мекендердегі өрттерді сөндіру әрекеттестік сұрақтары машықтанған.

Дала және орман өрттерін, сондай-ақ құрғақ шөптің жануын бастапқыда табу мақсатында, 2018 жылға гидрометеорологиялық ақпарат қызметін көрсету бойынша, сонымен қатар жалпы сомасы 6 млн. 500 мың. теңгеге облыс аумағында дистанциялық барлап қараудыұсыну бойынша «ҚазақстанҒарышСапары» ҰК АҚ келісімшарт жасалынды.

Тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз мінез құлық мәдениетін тәрбиелеу мақсатында азаматтық қорғау органдары талабынан өрт қауіпті кезеңінің басынан 72 нұсқаулықтар, 72 жиын және 1877 адам қамтылған 17 дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында баспасөз басылымдарында 64 мақалалар жарияланды,теледидарда 9 бейнесюжет көрсетілді, радио арқылы 19 шығулар өткізілді. Ауылшаруашылығы мекемелерінде құрылған мобильді топтарында және орман дала алқаптарында 35 рейд өткізілді.

Орман қорларына жақын жатқан объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Төтенше жағдайлар департаментімен 2018 жылғы 1 жартыжылдығына арналған тексеру графигіне сәйкес орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Комитетіне және атқарушы органдарға тиесілі, объектілердің тексерісі басталды. 

Бұдан басқа орман өрттерімен күрес жүргізу үшін Алматы облысы бойынша Қазавиаорманқорғауда десантник-өрт сөндірушілермен жасақталған, десантты-өрт сөндіруші командалары және топтарының құрамына кіретін, десантты өрт сөндіру қызметімен жабдықталған Алматы авиабөлімшесі, Талдықорған авиатобы ұйымдастырылған.

Автор:
Алматы облысының ТЖД ӨҚСБПҚБ ақпараттандыру және оқыту тобы