Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа формациядағы мұғалімге қойылатын талаптар


24 сентября 2010, 02:45 | 4 578 просмотров



Ең басты мәселенің бірі - Қазақстан Республикасының 50 бәсекеге қабілетті дайын мемлекеттер қатарына кіру стратегиясы болып табылады. Н.Назарбаев басты міндеттердің бірі ретінде білім саласының реформалық өзгеруін талап етті. Ал нақты айтатын болсақ - жаңа формациядағы педагогты дайындау. Ол дегеніміз барлық мұғалімдердің жұмысын өмірдің талабына сай өзгерту. Сол себептен Республикамызда концепциялық құжаттар қабылданды, соның ішінде Қазақстан Республикасының Білім дамыту концепциясы 2015 жылға дейін және Қазақстан Республикасының Білім дамыту бағдарламасы 2010 жылға дейін және Қазақстан Республикасының педагогикалық Білім концепциясы. Міне осы құжаттарда мұғалімнің жаңа статусы айқындалған. Бұл жаңа негіздемемен толықтырылып отыр. Мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияларды қолдану керісінше ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өздік танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Міне осы мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Демек, қазіргі таңда мұғалім менеджер ретінде болуға тиісті.

Педагогикалық Білім концепциясында «мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген. Құзіретті мұғалім дегеніміз : адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Биылғы шыққан 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген:

Мұғалім. психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті.

Мұғалім не істей білуі керек:

мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу;

өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б.)

кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану.

мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу Міне осыдан мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді.

Ал енді біздің мектебіміздің мұғалімдерінің іс-әрекетіне тоқталатын болсақ, біз осы деңгейге сай келеміз бе деген сауал туындайды.

Сонымен 20 мұғалім шығармашылық деңгеймен жұмыс істейді.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясымен жұмыс істейтін мұғалімдер саны–8

Сатылай кешенді талдау оқыту технологиясымен -4

Дамыта оқыту технологиясымен - 6

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясымен –15

Модульдық оқыту технологиясымен - 3

Сабақ үрдісінде осы аталған педагогикалық технологияларды өзінің әдістемелік тақырыбымен ұштастыра отырып жүйелі жұмыс жасаса, білім сапасын дамытуға әбден мүмкіндік бар. Оны әр пән бойынша мына көрсеткіштерден көруге болады.

Қазақ тілі пәні мұғалімдері Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын қолданудың нәтижесінде 76%-ға білім сапасын көтеріп отыр.

Ғылыми жоба жұмыстарымен айналысып, оқушыларды ғылыми жоба дайындауға бейімдеп жүрген мұғалімдеріміз де бар. Қожахметова Шолпан Құсайынқызының әдістемелік тақырыбы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен электронды оқулықтың пайдаланудың тиімділігі», Қожахметова Әтіркүл «Шешендік сөздер» биология және химия пәнінің мұғалімі Ихсанова Елнұр Орынбекқызы «Ақпараттық технолгияны химия сабағында пайдаланудың тиімді жолдары » Ергедыров Байкенже Тұрсынұлы оқушыларды шығармашылыққа , ақындыққа баулу мақсатында жұмыс жүргізеді.

Тарих пәнінің мұғалімі Киікбаев Мажит Әденұлы оқушыларды шығармашылыққа баулып, үнемі ізденудің арқасында жыл сайын «Дарын» ғылыми конференциясына, биылғы оқу жылында «Қазақтың ұсталық теміршілік өнері және қару- жарақтары» тақырыбындағы «Қазақстан республикасы Кіші Ғылым Академиясына» оқушысы қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына үлес қосып, дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастырып, жыл сайын «Дарын ғылыми конференциясына» аудандық , облыстық пән олимпиадасына химия – биология пәнінің мұғалімі Ихсанова Е.О. математика пәнінің мұғалімі Касенова Т.Е. химия пәнінің мұғалімі Нұрмақсутова Г.Т. биология пәнінің мұғалімі Ақылова Н,Ж. орыс тілі пән мұғалімі Сабитова Р.Р. география пәнінің мұғалімі Хасенова М.З. оқушылары қатысып жүлделі орындарды иеленіп отырады.

Осы бағытта бұл мұғалімдер сыныппен мынадай жұмыс жүргізіп отыр: Ғылыми ізденіске бағыттады, шығармашылық тақырыптар берді, мониторинг жүргізді, нәтижесінде қаншама жұмыс жүргізді. Енді сатылап көрейік:

мұғалім әдебиетті сараптады, ізденді;

Оқушылардың арасынан шығармашылыққа жақын балаларды таңдап алды, біліктілік қабілетін байқау арқылы жұмыс жүргізді.Өздік мониторинг жасады.

Осы екі сатыда мұғалім өзі өсті және оқушыларды да шығармашылыққа тартты.

Келесі сатысы ол оқушылардың тақырыптарын нақтылау, басшылық жүргізу, уақытында түзету жұмыстарын жүргізіп отыру.

Егер мұғалім коррекциялық жұмысын уақытында жүргізіп отырса, бұл– педагогикалық- ізденістік шығармашылық жұмысы болып саналады. Осы істелген барлық жұмысын жүйелі түрде әдістемелік құрал ретінде, тәжірибесі ретінде ұсынуға болады. Бұл- жұмыстың нәтижесі болып саналады және аттестациялық деңгейін өсіреді. Ал оқу үрдісінде оқушылардың білім сапасының өсуіне әсерін тигізеді. Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы оқушылардың білім сапасын көтеруге, дамытуға бағытталуы керек. Соңында сол әдістемелік тақырыптың нәтижесін көруіміз керек.

Егер біз мұғалім мен оқушының деңгейі бірге өсу керек деп айтатын болсақ, мұғалімнің тақырыбында өздік кәсіби дамуы басты болу керек, сонда оқушыларды да шығармашылық даму деңгейіне тартады. Әдістемелік тақырыпты таңдаған уақытта, оның тиімділігі жағына көңіл бөлуіміз керек.

Сондықтан тақырыптарымызды сыни-сараптамалық жағынан қарастырып, шығармашылық деңгейде алуымыз қажет.

Бүгінгі оқу үрдісінің оқушының қызықтырмаунының басты себебі: оқу-үрдісіндегі жасандылық, 45 минуттық көз бояушылық, дайын сұрақ пен дайын жауап шеңберіндегі мұғалім мен оқушы қызметі, олардың арасындағы формальді қатынас. Мұғалім оқушыдан білім мазмұнынына қатысты тосын сұрақтар алатындай дәрежеде оқу-үрдісін ұйымдастыра білсе, бұл сұрақтың жауабын өзім білмей қалуым мүмкін деген үреймен емес, бұл сұрақтарға «оригинал» жауаптарды аламын деген сеніммен оқушыларды жетелей білсе, мұғалім беделі, құзырлылығы, мұғалімнің өзіне деген, өз оқушыларына деген сенімі арта түсері қақ.

Тұлғаны тұлға ғана тәрбиелей алады. Бүгінгі қоғамға жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы емес, өмірден алған өзіндік тәжірибесімен білім мазмұнын толықтыра алатын оқушы қажет. Баланың оқулықта берілген мәтінмен немесе басқа да ақпараттарымен арасындағы байланысты орнату, мәтіндегі ойды бала ойымен толықтыру, баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына ендіру, тек баламен бетпе-бет, бір емес, бірнеше 45 минуттарды бірге өткізетін мұғалімнің ісі, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы қызметін жандандыру.

Автор:
Қ.Б.Манапова, Мектеп директорының оқу ісі жөнінідегі орынбасары Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен Жамбыл ауданы Алматы обылысы