Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қолжетімді тұрғын үй


2 ноября 2018, 09:40 | 2 254 просмотра



Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы облыстық филиалы қызметкерлерінің бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап баспасөз туры ұйымдастырылды. Орайы сәрсенбінің сәтіне келген шара Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс ауданында салынып жатқан 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын танысудан басталып, 72, 230 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аймақта жалғасты.

Ғалымжан Шалғымбаев, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы облыстық фи-лиалының директоры:
— Банктің мақсаты — салым-шыларды қолжетімді баспанамен қамту. Бұл жұмысты біздің үздіксіз жүргізуімізге жергілікті әкімдік пен құрылыс салушылар қолдау білдіруде. Бірлесе атқарылған істердің нәтижесінде клиенттерімізге таза әрлеудегі 300-дей пәтерді ұсынуға дайынбыз. Алғашқы 230 пәтер бойынша пулды осы қараша айында әзірлейміз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынуда. Тапсырыс беруші — жергілікті атқарушы орган. Мұндағы 20 пәтер — 1 бөлмелі, тағы 20 — 2 бөлмелі, қалған 20 — 3 бөлмелі пәтер болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің тең жартысы әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрғандарға беріледі. Ал, қалған жартысы кезекте жоқ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары арасында сатылады. Бұл ретте, кезекте тұрған азаматтарға да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы атанып, шот ашып, ақша жинау керектігін ескертеміз. Мемлекеттік бағдарлама үйлері жеңілдетілген шарттармен берілетіндіктен, үміткерлерге қойылатын талап бар. Ең алдымен — ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие болуы, екіншіден, өтініш беруші де және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде ҚР аумағында жекеменшік үйінің болмауы, үшіншіден, төлем қабілеттілігін растай алуы шарт. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты baspana.kz порталынан білуге болады. Жалпы, тұрғын үй құрылысы аяқталысымен біз пул жариялаймыз. Қолжетімді тұрғын үйден үміткер азамат жеке кабинетіне кіріп,өзі пәтер алғысы келетін нысанды таңдап, ұнаған пәтерді көрсетіп, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініш береді. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй
бағдарламасы облыс тұрғын-дарына қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беріп отыр. Аталмыш бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізуге ниеттенген тұрғындар үшін таза әрлеуден өткен пәтерлердің әр шаршы метрінің құны — 140 мың теңге. Бағдарламаға қатысып, қолжетімді үй сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы атанып, депозитке үй бағасының кем дегенде 20 пайызын жинау немесе бірден аудару қажет. Берілетін заемнің жылдық мөлшерлемесі-5 пайызды құрайды.
Дәурен Хафизов, «Сурмак» ЖШС директорының орынбасары:
— «Сурмак» құрылыс фирмасы Талдықорған қаласында нысандар құрылысын жүргізумен 5 жылдан бері айналысып келеді. Осы 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізу алдында біз «Шығыс», жетінші, сегізінші ықшам аудандарда бюджеттік мекеме қызметкерлеріне ар-
налған 5,9 қабатты тұрғын үйлер құрылысын жүргізіп, белгіленген мерзімде тапсыр-дық. Мына 60 пәтерлік тұрғын үйді қызыл кірпіштен тұрғызып жатырмыз. Өте сапалы. Жыл аяғында тапсыруды жоспарлап қойдық.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы облыстық филиалы басшылары және қызметкерлерінің жол көрсетуімен екінші кезекте «Өз үйім» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысының алаңына ат басын тіредік. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысын «Жетысужилсоцстрой»ЖШС жүргізуде.
Ғалымжан Шалғымбаев, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы облыстық фи-лиалының директоры:
— Банк салымшылары мем-лекеттік бағдарламалардан тысқары «Өз үйім» атты банктің жеке бағдарламасы бойынша да баспанаға қол жеткізуіне болады. Бұл бағыттағы пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы — 180 мың теңгеден. Мұнда тұрғын үй заемы 7 пайыздық мөлшер-лемемен беріледі. Басты талап — клиенттің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотында үй бағасының 20 пайызына тең бастапқы жарнасы болуы қажет. «Өз үйім» бағдарламасымен салынып жатқан 72 пәтерден тұратын тұрғын үй Талдықорған қала-сында 2019 жылы пайдалануға берілмек.
Валерий Хан, «Жетысужилсоцстрой» ЖШС атқарушы директоры:
— Жұмыстың 60 пайызға жуығын тәмамдадық. 60 адам еңбек етеді. Мұндағы пәтер-лерге келсек, 72 пәтердің тең жартысы — 2 бөлмелі, қалған жартысы — 3 бөлмелі пәтер болады. Құрылысты жүргізуге тек отандық өнімдерді қолданамыз. Заманауи кірпіштер жылуды өте жақсы ұстайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз туры қаламызда тұңғыш рет бой көтерген 16 қабатты 3 тұрғын үй құрылысымен етене танысудан соң қорытындыланды.
Мырзахмет Шәріпқожаев, құрылыс учаскесінің бастығы:
— АО НСК «Астана құрылыс» фирмасы Талдықорған қала-сында бірнеше әсем ғимарат тұрғызуға атсалысқан болатын. Атап айтсақ, 2014 жылы алтыншы ықшам ауданда екі 12 қабатты тұрғын үй, Оқушылар сарайы, қалалық көпсалалы емхана, қыркүйек айында ғана мектеп құрылысын аяқтап, пайдалануға бердік. Бүгінде тұңғыш рет шаһардағы әзірге ең биік тұрғын үй саналатын 16 қабатты 3 үй мен 2 емхана құрылысын жүргізіп, аяқтауға бет алдық. Құрылысы өткен жылдың қазан айында басталды. Бүгінге дейін жұмыстың дені аяқталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беруге күш жұмсап жатырмыз. 230 пәтерлік тұрғын үй құрылысымен 240 адам айналысуда. Құрылыс материалдарын Алматы қала-сынан алғызудамыз. Кірпіштері сапа сертификаттарына сай, өте мықты.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жасұлан Құрманғалиевтің сөзіне жүгінсек, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген 16 қабатты 3 тұрғын үйдің 92 пәтері -1 бөлмелі, тағы 92 — 2 бөлмелі, қалған 46 — 3 бөлмелі болады. Әр шаршы метрінің құны — 140 мың теңге болмақ.