Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балалардың бойындағы қажеттілікпен қалай жұмыс істеу керек?


23 сентября 2010, 20:55 | 2 646 просмотров



Педагогика – жеке ғылым. Педагогика ғылымының пайда болуының өзі қоғамның өндірісті сақтап, дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты неғұрлым нәтижелі даярлауға деген көзқарастан туған ғылым екенін білесіздер. Аға ұрпақ жас ұрпақты өмірге дайындауы осы тәрбиелеу болып табылады.

Тәрбие процесінде аға ұрпақ шешпеген жаңа міндеттерді шешу үшін оқушыларға қажетті қасиеттер қалыптастыруымыз керек. Ол үшін оқытудың мазмұны мен әдістері бар екенін білесіздер. Ол белгілі бір пәннің оқытылу практикасында оқытудың жалпы заңдылықтарын қолдану.

Тәрбие беру әдістерін тиімді қолдану үшін жалпы психологияны және жасына қарай балалар психологиясын негізге аламыз.

Тәрбие беру жұмысында қоғамдық психология көмектесе алады. Өйткені, ол сезім, көңіл-күй, талғам, пікір, баға беру, наным, әдет-ғұрыптар, салттар, мінез осының барлығын адамдар тобындағы психологиялық қалыптасу ерекшелігі болып табылады.

Баланың өмір бойғы даму процесі сан алуан дене күші мен психика жағынан сандық және сапалық жағынан өзгерістерге ұшырайды.

Адамның дамуы - өте күрделі процесс. Осы процесс ішкі күштер мен сыртқы күштердің ықпалымен өтіп жатады. Сыртқы әсерлерге, ең алдымен, қоғамның материалдық өмірінің жағдайлары – баланы қоршаған табиғи және әлеуметтік орта мен оның қоғам өміріне қатынасуы, яғни тәрбиесі үшін қажетті сапаларды балаға дамыту үшін адамның арнаулы мақсат көздеген қызметі жатады. Барлық сыртқы жағдайдың әсері, оның қабылдауына қарай ішкі процестерге түгелдей тәуелді болып келеді. Сондықтан да өмір мен тәрбиенің біркелкі жағдайларында да адамдар мүлде әртүрлі даралыққа ие болып өседі.

Ата-анадан мұраланған және әр балаға тән болып келетін даралық табиғи деректер – нерв жүйелер дамуының типі мен дәрежесі және оның дене күшінің дамуының ерекшеліктері ықпал етеді

Баланың дамуына негізінен үш фактор – тұқым қуалаушылық (ішкі биологиялық. т.қ.) орта және тәрбие әсер етеді (сыртқы әсер).

а)Тұқым қуалаушылық – биологиялық ұқсастық, дене бітімі, қасиеттері, түр-түсі, көздері, тері реңі жатады.

ә)Ортаның ықпалы: үй-іші, әлеуметтік орта, табиғи, географиялық ортаның әсер етуі.

б)Тәрбие ролі – егер бала тіршілік ету үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етілсе, мақсат көздеген тәрбиесіз-ақ өте алады.

Тәрбие беру – адамға дамуы үшін сыртқы ықпалынан белгілі айырмашылығы ол әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Кей бала ерте шағынан музыкаға, математикалық, тілдерді меңгеруге тағы басқа қабілеттерін көрсете бастайды. Бұл жеке бестің дара-психологиялық нышандары дайын тұрған қабілеттіктер емес, ол дамудың тек потенциалдық мүмкіндіктері ғана. Тәрбиенің маңызы осындай бейімділікті табу болып саналады. Көрінген қабілетті тексерудің жақсы құралы – тұрақты ынтаны қолдап, әр түрлі үйірмелерге оқушының қатысуы. Екіншіден, оқушының жұмысқа қабілеттілігі мен еңбек сүйгіштігін талантқа айналдыру керек. М.Горкийдің айтуы бойынша талант дегеніміз – төтенше жұмыс қабілетінің адамы. Баламен қарым-қатынас жиі және жеке-дара болуы тиіс. Жеке адамды жан-жақты дамыту ақыл-ой және адамгершілік жағынан дамуы, рухани жағынан дамуы және эстетикалық, политехникалық білім алуды және кәсіби әзірлік болуын дамытуды көздейді.

Нақты педагогикалық процестегі практикада оқыту да, тәрбие беру де тұтасып кетеді.

Оқыту сабақ үстінде жүзеге асырылады. Мысалы, жиындар, лекция, экскурсия т.б. оқушының жалпы білім алуына жәрдем етеді де, сол арқылы оқытудың дамуы күшейеді. Баланы жасынан балабақшадағы кезінен бастап дұрыс тәрбиелеу барысында балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға қажеттілік ерте қалыптасады. Мысалы: әр нәрсені білгісі келіп сұрақ қоюы үлкендердің өзімен сөйлесуі осының бірі балаға әсер етеді. Балалармен сөйлесу жайдары, бір қалыпты, көбінесе жылы түрде болуы керек.Балалардың эмоциялық күйі әсер етеді. Сондықтан балаларға бұйрық райдан гөрі ұсыныс ретінде айтып жеткізу керек. Үлкендердің, мұғалімдердің көңіл-күйлеріндегі шамалы өзгерістерді балалар өте сезгіш келеді. Үлкендердің бірқалыпты сөйлеспеуінен оқушылар ашуланшақ, жылаңқы болады. Олардың талаптарын орындаудын бас тартады. Балаларды үлкендердің талабын тек қорыққаннан ғана орындауға, үйретуге болмайды. Баланы зекімей, алдамай, мадақтамай, тыңдауға үйрету керек.

Балалардың жеке-дара ерекшеліктерін ескеру. Қандай да тәрбие тәсілі ықпал ету үшін балалардың жас шамасын, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру керек. Өйткені балалардың нерв клеткаларының жұмысқа қабілеттілігі, шыдамдылығы әр түрлі. Нерв процесі күшті болса ол кішкене кезінен үйренген тәртіп режим бойынша активті жүреді. Олардың ақыл-ой қабілеттері әр түрлі. Сондықтан білімді, жаңа іскерлікті игеру, ой қабілетінің дамуы әр түрлі жолдармен өтеді. Кей бала жаңа сөзді, бір-екі сабақта меңгере алады, ал екінші бір балаға ол сөзді бірнеше рет қайталау қажет. Әр баланың өз мінез-құлқына қарай ерекшелеуге болады, жайдары активті болады. Олардың шаршау белгілері де әр түрлі болады. Бір бала шаршағанда сылбыр болады, екіншісі-оқыс қимыл көрсетеді. Баланы дұрыс түсіну үшін шаршаудың алғашқы белгілерін уақтылы байқау керек. Тынықпаған шаршаған балаға сабақты созып ары қарай оқы десе ол потологиялық күйге ауысады. Олардың активті мінез-құлқының бұзылуы қажудан болады. Ұзақ уақыт жұмыс істеу оқу қажытады, оған белгілі режим келеді. Егер қажыған, шаршаған балаға сурет сал десең, ол сол суретті салуды біле тұра сабақ соңына таман қарындашпен шимай қимылдар жасай салады. Егер мұғалім оқушының сұрағына жауап берсе, олар оны құрметтейді, өздерінің тілектеріне мұқият қарағаны үшін, олармен бірге ойлап жауап бергені үшін бағалайды. Балалар мұғалімнің әділдігі мен адалдығын, сөзінде тұра алатынын, уәдесін орындайтынын өте бағалайды. Мұғалімдік шеберлікті меңгеру, шебер мұғалімдердің лабараториясы мен педагогикалық еңбектің технологиясын оқып үйрену.

Шебер болу үшін ерекше педагогикалық таланттың болуы міндет емес, қалау болу керек. Өз бетіңмен көп еңбектену керек; өз пәніңді өте жақсы білу керек; оқыту методикасын білу керек; педагогикалық шеберлікті меңгеруге, педагогикалық қасиеттерді тәрбиелеу керек. Мектеп оқушысы неғұрлым есейген сайын, соғырлым ой-пікірмен жиірек санасып, өзінің жеке басына ден қоя бастайды. Мектептің ықпалы анықтаушы бола тұрса да, ол үйдегі жайсыз ортаның немесе басқа да жұғымсыз жердің теріс ықпалын ұдайы жеңе алмайды.

Автор:
Б.С.ҚҰСАЙЫНОВА, А.В.Луначарский атындағы орта мектеп- гимназиясының сызу, сурет пәнінің мұғалімі, Панфилов ауданы