Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МАБ-қа дайындау ұстаз міндеті


24 сентября 2010, 02:57 | 2 266 просмотров



Әр пән мұғалімінің мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыра отырып, МАБ-тан жоғары көрсеткішке қол жеткізу.

Елбасымыздың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше бағыттарды айқындап берді. Жолдаудың 26 бағыты – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты атты бағытында былай деген:«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемле үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі –жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.

Осы Жолдауды жүзеге асыру мақсатында 9 сыныптарда МАБ рәсімдеріне қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін шет тілінің біреуі міндетті түрде енгізілді. Сонымен, МАБ-тың негізгі және міндетті пәні ағылшын тілі болып қабылданды. Шетел тілдерін оқып-үйрену кез-келген ұлт өкілінің туған тілін байытады, оның қолдану аясы мен табиғи әрін ашып,терең түсінуге икемдейді. Бөгде тілді үйрену жаңа бір құрылыққа алып баратын кеме секілді. Көп тіл білу-өнер. «Жеті жұрттың тілін біл, жетті түрлі ғылым біл»-деген ата-бабамыздан қалған сөз нақты осы уақытқа сәйкес келмек. Сондықтан да біздерге жүктелер міндет те жоғары. Әрбір пән мұғалімі жоғары көрсеткішке қол жеткізу үшін біріншіден мұғалім өзі терең біліп және өзінің біліміне сенімді болу керек, екіншіден оқушымен тіл табысып, оған қатаң талап қоя білуі керек, үшіншіден жұмысты жүйелі түрде нақтылай жүргізу керек.

Негізінен МАБ-қа дайындық жұмысын 5-сыныптан бастауымыз керек, осы мақсатта 5-8 сынып оқушыларына МАБ тапсыратынын ескертіп айтамын және грамматикалық тақырыпты өткен кезде МАБ-тың байқау сынағында осы тақырыпқа арналған сұрақ бар екенін қатаң ескертемін.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде бір көрнекілік арқылы МАБ сұрағының біреуін талдауға уақытымды арнаймын.

Оқу жылының басында 9-сынып оқушыларынан алдын-ала байқау сынағын алып үлгерімі төмен оқушылар анықталады. Соған қарамастан оларға жан – жақты көмек көрсету мақсатында жақсы оқитын оқушыны бекітуіміз керек.

Бекітілген оқушыларға оңайдан қиынға көшу рәсімін есте ұстап, сабақтан тыс уақытта да көмек көрсету керек екені ескертіледі.

Әрине, шет тілін меңгеру оңай емес. Егер бір нұсқада 30 сұрақ болатын болса,онда оқушы 150 варианттық сөздің аудармасын түсініп білу керек. Ол үшін оқушыда сөздік қор болу керек, оны тек жаттау керек. Сондықтан сөздік қоры жоқ оқушы тесттан төмен баға алады. Барлық оқушының шет тілін қабылдау деңгейі бірдей емес, кейбір оқушы математикаға бейім болса да,шет тіліне бейімділігі төмен болады.

Оқушыдан алынған байқау сынақтарының білім сапасы диаграмма көрсеткіші арқылы әрбір оқушыға жасалынып, оған міндетті түрде сараптама жазылады.

Оқушының барлық байқау сынақтарынан алған балдары, бағалары, білім сапасы жеке парақшаларға жазылып оқушыларға көрсетіледі. Онда негізінен жоғары және төмен нәтиже көрсеткен оқушылар жекелей аталынып, қандай бағытта жұмыс істеу керек екеніне бағыт-бағдар беріледі.

Сөзімді қорытындылай келе, оқушыны МАБ-қа дайындаудың жолдарын атағым келеді. Олар:

1.МАБ-қа дайындық жұмысын 5-сыныптан бастау.

2.Әрбір сабақта МАБ-тың бір сұрағына талдау жасау.

3.Нақты жұмыс жоспарын құрастыру.

4.Оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу,оларды әділ бағалау.

5. Әрбір алынған байқау сынағының сараптамасы жасалынып, даму мониторингісін көрсетіп отыру.

6.Үлгерімі төмен және үздік оқушыларға баса назар аудару.

7.Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.

8.Жүйелі түрде қайталау жұмыстарын жүргізіп отыру.

Автор:
Р.К.АМИРЕНОВА, әл-Фараби атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Қарабөгет ауылы, Сарқан ауданы