Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АРДАГЕР ҰСТАЗ


23 сентября 2010, 21:07 | 3 995 просмотров



«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы айтқандай қандай мамандық иесі болсын, солардың барлығын аялы алақанына салып, дұрыс жолды таңдауды үйрететін – ұстаз.

Жылдар жылжып өткен сайын арамызда жүрген ардагер ұстаздарымыз жыл емес, тіпті күн санап азайып барады.

Суарып білім-шербетпен,

Дүниеден бізге

Жақсылық қана тілейсің.

Мың рахмет ұстаз-мұғалім!

Ардақтап адам,

Көтерсін сені жыр-таққа.

Ұлы елдің баулып ұланын,

Жасарып жылда,

Жасай бер әрбір ұрпақта!

деп Жұбан Молдағалиев атамыз айт-қандай, өзінің саналы өмірін ұстаздық жолға арнаған, ұлағатты, білімді, еңбекққор, ардагер ұстаздарымыздың бірі- Абдрахманова Роза Омарқызы. Ол 1936 жылы Киров совхозында Алтын-Емел селосында дүниеге келген. Роза Омарқызы 1956 жылы Алтын Емел орта мектебін бітіріп, 1959 жылы Алматы Зоовет мал дәрігерлік институтына түсті. 1961 жылы үзідік дипломмен аяқтап, Шымкент облысына арнайы жолдамамен жіберілді. 1983 жылдан Талдықорған зооветеринарлық техникумында оқытушы қызметін атқарған. Ол оқытушы болған жылдарында өзін жоғары деңгейдегі сынып жетекшісі болғандығын тілге тиек етеді. 1986 жылы К.С Скрябин атындағы Москва ветеринарлық академиясының педагогикалық факультетін оқып бітірген. Қызмет атқарған жылдары Роза Омарқызы өз білімін жетілдірп отырған.

«Соғыс басталған кезде әлі мектепке бармаған едім, ауылда тұрдық. Жеңгем екеуіміз майданға жіберу үшін шұлық, қолғап тоқитынбыз. Ер азаматтар болмағандықтан, әйел адамдар мен жас балалар ала жаздай қылшаны, жүгеріні шөптейтін, жартысын өкіметке өткізіп, біразын үйге апарып, керегімізге жарататынбыз. Қол диірменнен ұн тартқызып, нан пісіріп те жедік. Жалаңаяқ мектепке де бардық. Қыстың күндері киізден пима кидік, құстың қанатынан қаламсап жасап, сонымен жазу жаздық.

Жылына бір рет мақтадан жасалып, тігіліген көйлектер беретін, соларды киіп өстік»,- деп соғыстың ауыр күндерін Роза апай еске алады. Біздің Талдықорған экономика-технологиялық колледжінде бол-ған әр тәрбие сағаттарында жастарға ғибрат боларлық тартымды әңгімелер айта отырып, келешекте бейбіт өмірде, ашық аспанда, тыныш заманда өсіп - өркендей берсін деп өз ықыласын білдірді. Осындай ардагер ұстазды бүгінгі ұрпақ үлгі тұтып, мақтан етеді.

Автор:
А.М.АЗАНБАЕВА, Талдықорған экономика- технологиялық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы