Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Робототехника – біздің болашағымыз


30 ноября 2018, 13:02 | 1 050 просмотров



Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Сартбаев Ратмир және Филимонов Даниил Таиланд мемлекетінде өткен WRO-2018 халықаралық олимпиадасына қатысты! Биылғы жылы Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы «Food matters» яғни «Астың маңызы» тақырыбында өткізілді.

Әлемнің 63 елінен 450-ден астам команданы жинаған олимпиада жеті номинация бойынша өтті. Біздің жас өнертапқыштарымыз «шығармашылық жобалар»ашық категориясында қатысып, «Space garden» немесе «ғарыштағы жылыжай» деп аталатын жұмыстарын қазылар алқасына ұсынды. Бұл құрылғы ұзақ ғарыштық экспедицияларға арналған ғарыш кеңістігінде өсімдіктерді автоматты өсіру болып табылады. Робот станцияда ұшып жүріп егін егіп оны жинаумен, сонымен қатар күтіп баптаумен айналысады.

Жалпы, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары осы олимпиада тарихында бірнеше категория бойынша жүлдегерлер қатарынан көрінген. Олар: Индия мемлекетінде өткен WRO-2016 халықаралық олимпиадасының Гран-при иегері, Ресейдегі WRO-2014 олимпиадасының - III орын жеңімпазы, Коста-Рикада WRO-2017 олимпиадасында төртінші орын, Катар мемлекетінде WRO-2015 әлемдегі ең үздік 10 робот қатарына енгізілді.

 

 

Автор:
NIS Талдыкорган