Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Заманауи зауыт Салынды


23 сентября 2010, 21:10 | 1 963 просмотра


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Германияның канцлері Ангел МЕРКЕЛЬДІҢ қатысумен Астана қаласында өткізілген бизнес форумда Аксиома-Сервис-Контаркт» құрылыс компаниясымен Германияның «FCP» инвестициялық компаниясы бүгінгі заманға сай өндіріс зауытын салу үшін біріккен кәсіпорын құруға келіскен болатын.

Кеше облыс әкімі Серік ҮМБЕТОВ аталмыш компаниялардың жетекшілерін қабылдады.

Аксиома -Сервис-Контаркт» құрылыс компаниясының директоры Қайрат Қамаубаевтың айтуынша, біріккен компанияның алғашқы жобасы бойынша зауыт полиэтилендік құбыр мен жылу құбырларына арналған жаңа технологиялық өнім шығаруды көздеп отыр.

– Финляндия мемлекетінің үлкен кәсіпорны «KWH» компаниясының технологиясы дүниежүзіне белгілі. Бүгінде Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Ресей мемлекеттерінде олардың зауыттары жұмыс істеп жатыр. Енді Қазақстанда алғаш рет «FCP», «KWH» және «Аксиома -Сервис-Контаркт» компаниялары бірігіп зауыттың жобасын бастауға келісім шартқа отырдық. Зауыт құрылысы қараша айында басталмақшы. Оған лайықты жер Қарасай ауданынан алынды. Жалпы бағасы 27 млн. евроны құрайтын зауытта 150-ден астам адам жұмыс істемек. Жылдық өнім 45–50 мың евроны құрайды деп жоспарланған. Қазақстан үшін мұндай өндіріс орны аса қажет, оның сапасы да жоғары болмақ, – дейді компания директоры.