Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Елімнің бакытын тербеткен - Тәуелсіздік» салтанатты іс-шараның өтілуі


12 декабря 2018, 06:10 | 2 802 просмотра



Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде «Елімнің бакытын тербеткен - Тәуелсіздік» салтанатты іс-шараның  өтілуі

2018 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 13:00-де Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжіакт залында  16-желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бакытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы   директорға салтанатты жиынға  білім алушылар мен колледж ұжымының дайындығын баяндады.

 Жиынымызға салтанатты түрде Қазақстан Республикасының туы кіргізіліп, ән ұранмен басталды. Алғашқы құттықтау сөзінде, колледж директоры Еркінбек Ысқакұлы Қоянов 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен оқытушыларды, өндірістік оқыту шебері мен білім алушыларды құттықтады.

Келесі құттықтау сөз, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан, колледжіміздің жоғарғы санатты оқытушысы Жақупбекова Гүлнар Оразалықызына берілді.Келесі кезеңде 306 топ білім алушысы Нұржанов Әлдің орындауында «Туған жер» әні көрермендерге ұсынылды.

Құттықтау сөз кезегі колледж кәсіподақ ұйымның төрайымы Нұрғалиева Рая Әлімғазиевнаға берілді, өз сөзінде ол, Білім беру саласындағы нәтижелі еңбегі, кәсіби біліктілігі мен жас ұрпақты  тәрбиелеуде сіңірген қызметі  үшін  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай  Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасыментөмендегі оқытушыларды марапаттады.Олар:

1.Маукулова Назгуль Мусаевна –арнайы пәндер оқытушысы, «Техникалық біріктірілген мамандықтар» пәндері циклдік комиссия меңгерушісі

2.Меренкулова Раушан Касымгалиевна – орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің оқытушысы

3.Дауталинова Майра Умурзаковна – жатақхана тәрбиешісі

4.Тасжурекова Айгуль Тлеуовна – колледж психологі

Мерекеге тарту ретінде 14 топ білім алушылары  «Лезгинка»биін биді.

Колледждің беделді ұстазы, өндірістік оқыту шебері Ускембаев Серікбай Естыбаевичтің «Тәуелсіз Қазақстаным»туындысын 206  топ білім алушысы Оспан Аяулымоқыды.

106  топ білім алушылары Керейбаев Аманжол мен Абдрахманов Айбектіңорындауында мереке арналған «Жаса Қазақстан» әні орындалды.

Іс – шараның соңында Қызайбеков Айдос пен 406 топ білім алушысы Нуржанов Али «Елім менің аңсаған» әңін орындады. 

 

Сонымен Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерейтойына арнап дайындалған әдеби -музыкалық кеш өте тартымды және патриоттық сезімді оятатындай әсерлі  аяқталды.

 

 

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің физика пәнінің оқытушысы Л.К. Исабекова

орыс тілі пәнінің оқытушысы Р.К. Меренкулова

 

 

Автор:
Л.К. Исабекова Р.К. Меренкулова Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі