Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясы онкүндігінің өтілуі


24 декабря 2018, 17:39 | 1 194 просмотра



Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде Жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясы                 онкүндігінің өтілуі

2018-2019 оқу жылының 22.12.2017.-04.01.2018  күндері аралығында жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясының онкүндігі  өткізілді. Аталған  іс-шараның мақсаты: әр ғылым саласы бойынша колледждегі мамандықтар арасында байланыс орнату.

Онкүндіктің өтілу жоспары алдын-ала құрастырылып, бекітілді.

Онкүндіктің  барысында  іс-шаралар жоспардағы  кесте бойынша  өтті:

      Физика пәнінің оқытушысы Л.К. Исабекованың дайындауымен «Жаратылыстану – математика, А Ә Д және дене тәрбиесі

ғылымдары айналамызда» тақырыбында онкүндіктің ашылу  салтанаты көрсетілді. Көрсетілген іс-шараның мақсаты: білім алушыларға жаратылыстану пәндері мен  математика және алғашқы әскери дайындық пен дене тәрбиесі  пән сабақтарында алған білімдерін тек сабақта ғана пайдаланып қоймай,болашақ мамандықтарымен де байланысты екенің түсіндіру.

Онкүндіктің ашылу салтанатында ПЦК оқытушылары туралы мәліметтер беріліп, пәндерге байланысты қызықты деректермен 206 топ білім алушысыСикорина Снежана мен 307 топ білім алушысы  Шаймуратова Динаратаныстырды.

Сонымен қатар, көрермендер назарына Жаратылыстану-математикапәндер циклдік комиссия  меңгерушісі және өзін-өзі тану, биологияпәнінің оқытушысы Шолпан Кенесовна Турлыбековаға 106 топ білім алушысы   Безмен Иринаарнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Химия пәнінің оқытушысы Гульнар Оразалиновна Жакупбековаға 103топ білім алушысы  Караван Просковьяарнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Химия пәніне арналған  тәжірибелерді 206 топ білім алушыларыНепрокин Данил мен Николаенко Артем ұсынды. Химия пәніне байланысты көрсетілген қызық тәжірибелер көрермендер көңілінен шықты.Информатика пәнінің оқытушысы Алия Иембергеновна Қошқарбаеваға 206 топ білім алушылары Непрокин Данил мен Николаенко Артемнің орындауында тамаша ән «Если б был султан» шырқалды жәнебейне ролик көрсетілді.

Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Мұхтар Нығметович Джамбулбаевқа 106 топ білім алушысы  Атаулов Ринат арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. «АКМ толық бөлшектеу және құрастыру» - 106 топ білім алушысы  Дудин Илья өнер көрсетіп, көрермендер назарын өзіне аударды.

Бөлім меңгерушісі, математика пәнінің оқытушысы Айгуль Джалеловна Абдибекова және Айжан Рауановна Мусановамен Сәния Мукановна Тлегеновналарға арнап206 топ білім алушысы  Бабуцкая Анастасия арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Пән бойынша интеллектуалдық ойын ойнатылды.Дұрыс жауабын тапқан білім алушыға,  артынша приз берілді.

Ойын барынша көрермендерді қызықтырды.

Физика пәнінің оқытушысы Лазат Кенесбековна Исабековаға арнап Кибаев Адал арнау айтты және бейнеролик көрсетілді.Физика пәніне арналған  тәжірибелерді 206 топ білім алушылары  Непрокин Данил мен Николаенко Артем ұсынды.Физика пәніне байланысты көрсетілген қызық тәжірибелер көрермендер көңілінен шықты.

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары: Арнур Муратович Абишев, Талғат Амирович Абсаттаров, Айбар Омарович Қаптағаевтарға арнау айтылды және бейнеролик көрсетілді.Соңынан 106 топ білім алушылары Безмен Ирина мен Турванова Арина «Гимнастика» жасап көрсетті. Көрермендер қыздардың керемет өнерлерін тамашалады.  Ең соңынан осы іс –шараға қатысушы білім алушылардың орындауында тамаша ән «Ничего на свете лучше нету» шырқалды.Онкүндіктің ашылу  салтанаты өте тартымды, әрі қызықты өтті.

 

Автор:
Л.К. Исабекова, Ж. Хуанбай, А.И.Қошқарбаева, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің