Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа жылды өртсіз қарсы алайық


24 декабря 2018, 17:41 | 1 062 просмотра



Жаңа жыл, жаңа жылдық мейрам, ол балалар мен үлкендердің силық және жағымды әсер алатын уақыт. Жаңа жыл мерекесінің қайталанбас ерекшелігі түрлі-түсті гирлянда,бенгаль оты, мандариндер және үлпілдек шырша болып табылады. Сонымен қатар балалар мен үлкендерге бөлекше қуаныш сыйлайтын сәттердің біріпетарда ату және отшашу болып табылады. Бірлесе келе, олар ерекше көніл-күй тудырады.Мейрам тек бақытты сәттермен есте қалуы үшін, бірқатар қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, пиротехникалық бұйымдарды қолдану ережелеріне база назар аудару керек.

Жаңа жыл қарсаңында мерекеге дайындық кезеңінде пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде абайсыздық салдарынан өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу нәтижесінде өрттер және жарақат алу санының кенеттен артуына себеп болады. Осы тәрізді төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу –біздің басты мақсатымыз. Жыл сайын жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде республика аумағында шыршалардың жануыоқиғалары орын алып тұрады. Аталған өрттердің шығу себебі – шыршаларда безендіруде қолданылатын гирляндалардың қысқаша тұйықталуы. Мәселен, 2017 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы бір мектепте жаңа жыл мейрамы кезінде аталған себептермен шырша жанған. Аталған жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін, Алматы облысы ТЖД қызметкерлері аталған және басқа да мектептерде жаңа жыл шыршаларын өткізу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» және «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесуі» Кеден одағының техникалық регламенттері қолданылуда екенін атап өткен жөн, оның талаптарына сәйкес жарықты гирляндалар міндетті түрде сертификатталуы тиіс. Өз кезегінде көрсетілген техникалық регламенттердің  талаптарын сақтау мемлекетаралық стандарттарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.Аталған стандарттар гирляндаларға жұмыстың тұрақтылығы, қажетті қорғаудың болуы  өрт қауіпсіздігі, өзге де техникалық құралдармен электр магниттік үйлесуі бойынша талаптарды белгілейді.

Келе жатқан жаңа жыл мерекелерінің қарсаңында, оларды қауіпсіз өткізу мақсатында, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметіменсертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды қолданыстан алу үшін рейдтік шараларды жүргізу жоспарлануда.

Бенгал оттары және түрлі-түсті отшашулар Жаңа жыл және Рождество мерекелерін қызықты және ұмытылмастай етіп өткізугеықпалын тигізеді.Алайда пиротехникалық бұйымдардың жарқын әсерден өзге жағымсыз естелік те қалдыратындығын естен шығармаған жөн, себебі олардың барлығы жарақаттаушы және өрт қауіпті. Сондықтан пиротехниканы сатып алғанда, қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар!

Алматы облысы ТЖД естеріңізге салады:

  • петарда, ракеталар, отшашуларды және басқа бұйымдарды тек қана арнайы дүкендерден сатып алыңыздар;
  • қандай да бір ақаулары бар пиротехниканы сатып алмаңыздар;
  • сақталу мерзіміне назар аударыңыздар;
  • қолданар алдында міндетті түрде нұсқаулықпен танысып және соған сай әрекет етіңіз;
  • пиротехниканы қалтаға салып жүрмеңіз;
  • онымен жұмыс жасағанда темекі шекпеңіз;
  • қатты жел болғанда оны ұшырмаңыз;
  • бұйымды бөлшектемеңіз және механикалық әсерге ұшыратпаңыз;
  • құрылыстан, ағаштардан, тез жанғыш заттардан, электр тарату желілерінен 30 метр жақын ұшырмаңыз;
  • адамдар жаққа қарай бағыттамаңыз;
  • онымен мас күйінде жұмыс жасамаңыз;
  • пиротехникалық бұйымды созылған қолдың арақашықтығында жандырыңыз, оған қарай еңкеймеңіз;
  • егер пиротехника іске қосылмаса, оны қайтадан жандырмаңыз;

Жаңа жыл мерекелері тек қана қуаныш әкелсін десеңіз – бірінші кезеңде олардың бәрі қауіпсіз болуы керек! Сәттілікті сынамаңыз – пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша қарапайым ережелерге сүйеніңіз. Абай болыңыз! Өзіңізді сақтаңыз! Сізге бақытты Жаңа жыл және Рождество тілейміз!

Автор:
Г. Әбілқасымова, Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.