Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қош келдің, Жаңа Жыл!


24 декабря 2018, 17:45 | 1 148 просмотров



Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары келе жатқан Жаңа 2019 жылды мерекелік кешін атап өтті. Әдемі безендірілген залда мұғалімдер мен мектеп оқушылары Жаңа жылдық ертегінің театрландырылған қойылымын қонақтарға ұсынды.

Қызықты ойындар, оқушылардың, ұстаздардың өнері, флеш-мобтар мен әндер Жаңа жыл кешінің қонақтарына ғажап көңіл-күй сыйлады. Оқушылар Жаңа жылдың символын зұлым Джокерден құтқарып, Ақшақар, Алдар-Косе, Гари Поттер мен бірлесе сиқырлы тапсырмаларды орындады.

Қоғамға қызмет көрсету әлеуметтік жобалар шеңберінде мектеп оқушылары «Айналайын» балалар үйінің, «Бәйтерек» оңалту орталығының, есту қабілеті нашар және естімейтін балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының, «Бөбектер үйінің» тәрбиеленушілеріне және «Ана үйі» мекемесіне мерекелік сыйлықтар тапсырып, жаңа жылдық көрініс қойды.

Оқушылар Жаңа 2019 жылдық салтанатты кешті көңілді, белсенді, ерекше атап өтті.

Автор:
NIS Талдыкорган