Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясы онкүндігінің жабылуы


9 января 2019, 16:53 | 1 149 просмотров



 Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде Жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясы                 онкүндігінің жабылуы

2018-2019 оқу жылының 22.12.2017.-04.01.2018  күндері аралығында Жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясының онкүндігі  өткізілді. Аталған  іс-шараның мақсаты: әр ғылым саласы бойынша колледждегі мамандықтар арасында байланыс орнату.

Онкүндіктің өтілу жоспары алдын-ала құрастырылып, бекітілді.

Онкүндіктің  барысында  іс-шаралар жоспардағы  кесте бойынша  өтті:

      Физика пәнінің оқытушысы Л.К. Исабекованың дайындауымен «Жаратылыстану – математика, А Ә Д және дене тәрбиесі

ғылымдары айналамызда» тақырыбында онкүндіктің ашылу  салтанаты көрсетілді. Көрсетілген іс-шараның мақсаты: білім алушыларға жаратылыстану пәндері мен  математика және алғашқы әскери дайындық пен дене тәрбиесі  пән сабақтарында алған білімдерін тек сабақта ғана пайдаланып қоймай,болашақ мамандықтарымен де байланысты екенің түсіндіру.

Онкүндіктің жабылу салтанатынаПЦК-ның өткізген ашық сабақтары, сыныптан тыс іс-шара, жарыстар және ән байқауына атсалысып қатысқандарытуралы түсірілгенбейнероликтікөрермендер көріп тамашалады.Информатика пәнің оқытушысы Жанар Хуанбайдың жасаған бейнеролигі көрермендер көңілінен шықты.Өте тартымды, әрі мағыналы болды.

ПЦК-ның оқытушылары туралы мәліметтер беріліп, пәндерге байланысты қызықты деректермен 11 топ білім алушысыЖеңіснұр Десберген мен 103 топ білім алушысы  Караван Просковьятаныстырды.

Арнау айтылғын соң осы пәндердің ерекшеліктерін сипаттайтын жұмбақтар шешілді.Пәндер бойынша интеллектуалдық ойын ойнатылды.Дұрыс жауабын тапқан білім алушыға,  артынша приз берілді.

Ойын барынша көрермендерді қызықтырды.

Баяу музыка ойнап тұрды, экранда бейнероликтер көрсетіліп тұрды.

Колледждің жез таңдай әншісі 106 топ білім алушысы Керейбеков Аманжолдың орындауында тамаша ән «Әдемі» шырқалды.

Математика және физика пәндеріне байланысты көрсетілген қызықты көріністер көрермендер көңілінен шықты. Осы көріністер өте қызықты, әрі тартымды өтті.

Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Мұхтар Нығметович Джамбулбаевқа «АЗК киіп және шешу» - 103топ білім алушысы  Кромм Константин өнер көрсетіп, көрермендер назарын өзіне аударды.

Онкүндіктің жабылу  салтанаты өте тартымды, әрі қызықты өтті.

 

 

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің Физика пәнінің оқытушысы Л.К. Исабекова

Информатика пәнінің оқытушысы Ж. Хуанбай

Автор:
Л.К. Исабекова Ж. Хуанбай Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің Физика пәнінің оқытушысы