Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақтөбеде ағылшын тілінің тегін курстары ашылды


17 января 2019, 03:13 | 2 074 просмотра



Ақтөбеде ағылшын тілін тегін үйренуге болады. «Жастар жылы» аясында жүзден астам бозбала мен бойжеткеннің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туды. Бұл күндері қалалық әкімдікте үміткерлердің тізімі жасақталуда. Оған 16 мен 29 жас аралығындағы кез-келген азамат тіркеле алады. Санаулы күн ішінде.. сексеннен астам адамнан өтініш түскен. Аптасына бір рет жергілікті өңірлік университеттің оқытушылары дәріс оқитын болады. Бұл жерде оқушылар ағылшын тілінің қаріптерін үйренуден бастап,.. шет тілінде еркін тілдесуге дейін машықтанады.  Нұргүл Жұмабаева, студент: - Ол өзімнің болашағыма керек. Қазіргі кезде азаматтар деген көп тілді меңгеруі керек. Сол себепті ағылшын тілін үйреніп, әлде де алда қытай тілін үйренуді мақсат етіп қойдым. Жандос Табылғанов, Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі: - Бірінші ақпаннан отызыншы сәуірге дейін жүзеге асырылады. Жүз адамды қамтимыз ба деп отырмыз. Бұл екінші жоба болып саналады. Алдыңғы жылы да аз қамтылған жастарға жасап, жүзге жуық қатысушы тәмәмдаған болатын.


Автор:
24.kz