Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көкшетаулық жас ғалымдар әмбебап тыңайтқыш ойлап тапты


17 января 2019, 03:20 | 983 просмотра



Көкшетаулық жас ғалымдар жаңа әмбебап тыңайтқыш ойлап тапты. Көкшетау мемлекеттік университетінің магистры Еділ Айшөктің айтуынша, оны арпа, бидай, майлы дақылдарға, тіпті, көкөністерге де қолдана беруге болады. Мәселен, ғалым оны картопқа сынап көрген. Нәтижесі айтарлықтай. Зерттеу көрсеткендей, 1 гектарға себілген 100 келі жаңа тыңайтқыш өнімділікті 2 есеге арттырады. Енді алдағы жылдары аталған препарат басқа да дақылдарға сыналып көрмек. Ал тыңайтқыштың өзі өндіріс қалдықтарынан, яғни көмір мен резеңке дөңгелектердің күлінен жасалған. Еділ Айшөк, университеттің ғылыми қызметкері: - Бұл жоба бәсекеге қабілетті. Қазірдің өзінде бірнеше шаруашылықпен келісім-шарт жасалды. Яғни жаңа тыңайтқыш жақында өндіріске енгізіледі. Ал келешекте осы өнімді көп көлемде шығара алатын зауыт салу керек».  Әбілжан Құсайынов, жобаның ғылыми жетекшісі, профессор: - Қазір жердің құнары кетіп барады. Залалсыз тыңайтқыштар болса жеткіліксіз. Қымбат препараттарды шаруашылықтардың бәрі бірдей сатып ала алмайды. Ал бұл тыңайтқыштың өзіндік құны өте арзан болады. Шикізаттан да тапшылық жоқ.


Автор:
24.kz/