Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үлгілі ұстаз- өнегелі орда


1 октября 2010, 16:34 | 2 134 просмотра



Мұғалім мамандығы – мамандық атаулының қайнар көзі, биік тұғыры. Әр жыл сайын болатын мұғалімдердің кәсіби мереке күніне орай қаламыздағы №1 Абай атындағы орта мектеп гимназиясының директорының орынбасары, біздің газетіміздің белсенді авторларының бірі – Бектурова Қаламқас Құрышпайқызын шын жүректен құттықтаймыз – дейді бізге жолдаған хатында оның туыс туған, бала-шаға, немерелері.

Бұл тілекке «Білім шапағаты» гатенің ұжымы да қосыламыз, өйткені Қаламқас Құрышпайқызы өз мамандығын, барлық шәкірттерін, мектебін шексіз сүйетін ұстаздардың бірі. Ұстаз қай кезде болмасын оқу-тәрбие үрдісінде келер ұрпақтың ой-өрісі мен рухани дамуына белсенді ықпал жасайтын басты тұлға. Қымбат және сарқылмас байлықтың өзі балаларға білім беру. Қаламқас Құрышпайқызы осы үрдісті берік ұстанған ұстаз. Ол еңбек ететін білім ордасы да жан-жақты қырынан биіктен көрініп жүрген үлгілі мектептеріміздің бірі. Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың атына да, затына да сай деуге болады. Осы мектептен түлеп ұшқан шәкіртері де биік тұғырлардан көрінуде.

Құрметті

Қаламқас Құрышпайқызы!

Әр күн Сізге және сіздің әріптестеріңізге шығармашылық ойлаудың қуанышын әкеле берсің. Шәкірттеріңіз отанымыздың лайықты азаматтары бола бергей!

Автор:
Ізгі тілекпен: «БШ» Редакция алқасы