Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ескелді ауданы, Байысов атындағы орта мектебінде 22.01.2019ж. күні халықаралық интернетсіз күні


23 января 2019, 09:16 | 4 296 просмотров



Алматы облысы, Ескелді ауданы, Байысов атындағы орта мектебінде 22.01.2019ж. күні халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» балалар акциясы өтті. Акцияның мақсаты — интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.
Осы іс-шара барысында бастауыш сыныптары арасында «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. 5-11 сынып оқушылары «Мен offline» тақырыбында эссе жазды. 
Мектептің ішінде орналасқан «Совет одағының батыры Матай Байысов атындағы тарихи-өлкетану» мұражайында оқушылар сабақтан тыс уақыттарын интернетсіз тиімді пайдаланды. Мұражай ішіндегі ақпараттармен танысып, өздеріне құнды рухани мәліметтер алды.