Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: 3 орта мектеп Қапшағай қаласы

«Жақсылық жасауға асығамыз!»


28 января 2019, 05:43 | 2 113 просмотров



Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы қаңтар- мамыр аралығындағы «Қазақстан- мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасының хатын орындау мақсатында Қапшағай қаласының №3 орта мектебінде іс- шаралар жоспары құрылып, жоспарға сәйкес 25 қаңтар күні қалалық қарттар үйінде «Жақсылық жасауға асығамыз!» атты қарттарға көмек көрсетуге бағытталған бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өткізілді.
Мектепте сынып жетекшілері балаларды айналасындағыларға мейірімді, қайырымды қатынасқа тәрбиелеу, айналасына деген жауапкершілік, бауырмалдылық және рақымдылық сезімдерін дамыту, игі істерге қатысу, мүмкіндігіне қарай қолдан келетін қайырымдылық істердің жасалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай сыныптарға сынып сағаттарын өткізді.