Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сарышұнақ аяз: Қандай өңірлерде сабақ болмайды Барлық құқықтар қорғалған. i


28 января 2019, 06:00 | 2 705 просмотров



Қостанай қаласының білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, 28 қаңтар сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, облыс орталығында термометр -27 градусты көрсетіп тұрды. Осыған орай бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Павлодар қаласының білім басқармасы -31 градус аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптар үшін сабақтарды тоқтатты. Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елдімекенінде таңертеңгі кезекшіліктегі оқушылар оқымайды. Атап айтқанда, Өскемен қаласында (-28°С) 1-4 оқушылары, Семейде (-29°С) 1-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері, Риддерде (-32°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері сабаққа бармайды. Сонымен қатар, Алтай ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Шемонайха ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Аягөз ауданында (-28°С) 1-9 сыныптар, Бородулиха ауданында (-33°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері, Абай ауданында (-29°С) 1-4 сыныптар оқымайды. Сондай-ақ Көкшетау қаласында аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптарда сабақ болмайды. Қазіргі кезде Көкшетауда термометр бағаны -30 градусты көрсетіп тұр.  Қатты аязға байланысты Астана қаласының мектептерінде де сабақтар тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. 



Автор:
.inform.kz