Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: БІЛІМ

Зорлық-зомбылықтың"алдын алу,


28 января 2019, 08:29 | 2 313 просмотров



25.01.2019 ж Терешкова атындағы орта мектебінде "Зорлық-зомбылықтың"алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 8,9,10,11 сынып аралығында Аудандық аурухана нарколог қызметкері Жарылғағанов Темірхан Мынбаевич пен Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызмет бөлімінің Ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант А.С Акимжанова, аға лейтенант А.М.Касымовамен бірлесіп жиналыс өткізді.Т.М Жарылғағанов мырза Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.
Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Сонымен салауатты өмір салты деген не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында десе аға лейтенант А.С Акимжанава Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылатынын айтса, А.М Касымова Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қал бермек» деді.Осындай тұрғыда жасөспірім арасында жиналыс өткізіп,дәріс оқылып бейнетаспалар көрсетіліп,оқушылармен ашық тұрғыда сөйлесудің маңызы өте зор деп түсінемін....