Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: БІЛІМ

Талдықорғанда Алматы облысы әкімінің қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу жиыны өтті.


29 января 2019, 09:33 | 914 просмотров



Талдықорғанда Алматы облысы әкімінің қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу жиыны өтті. Басқосуға әр салада еңбек етіп жүрген өңір жастары, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар, еріктілер мен облыстық департамент басшылары қатысты.
Жиналғандарды Жастар жылының басталуымен құттықтаған өңір басшысы Амандық Баталов 2019 жылдың «Жастар жылы» деп аталуының тарихи мәні зор екендігін атап өтті.
Бүгінгі таңда Алматы облысында Жетісу жастарының жарқын істері атты жұмыс жоспары құрастырылған. Ол жерде Жастар жылы аясында атқарылатын іс-шаралар бекітіліп, нақты қадамдар белгіленген. Мәселен Алматы облысының барлық аудан, қалаларында Жастарға қызмет көрсету орталықтарын салу мәселесі қарастырылуда. Өңірде ауылшаруашылығын дамытып, ауыл жастарын жұмыспен қамту мақсатында әр ресурстық орталыққа 10 гектардан жер бөлінбек. Бұл жерлерде жастар әртүрлі дақылдар егіп, өсіріп, шыққан өнімді өткізіп, одан түскен қаражатты ауылды көркейтуге бағыттайтын болады