Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері


29 января 2019, 09:38 | 1 688 просмотров



Алматы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен сабақты зерттеуді жүргізудің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 26 қаңтарында Іле ауданы, №39 гимназиясы базасында мектеп басшыларына кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Сабақты зерттеуді қалай сапалы жүргізуге болады?» тақырыбында тәжірибе бөлісу алаңын өткізді.

Тәжірибе бөлісу алаңына Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Берік Құттыбайұлы Асубаев пен аға менеджер Ғалия Нұрманқызы Толықбаева қатысып, бірлескен зерттеу тобындағы мектеп басшылары мен орынбасарларының мектептегі тәжірибелеріне сабақты зерттеу үдерісі бойынша кері байланыс берді. Топ мүшелері арасында зерттеудің терең және нәтижелі болуына бағыт-бағдар беріліп, алдағы зерттеу қадамдарының тиімді жүргізілуі айқындалды.