Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен қызметтестік жұмыс жоспары негізінде


29 января 2019, 09:42 | 3 181 просмотр



Алматы облысы білім басқармасының облыстық білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен қызметтестік жұмыс жоспары негізінде а.ж. 16 қаңтарда Қаратал ауданы С.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясы, 17 қаңтарда Көксу ауданы Жапсарбаев орта мектебі, 21 қаңтарда Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп гимназиясы, 22 қаңтарда Талдықорған қаласы №10 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп гимназиясы базаларында мектеп үйлестірушілері мен филология пәндері мұғалімдеріне «Жиынтық бағалауды ұйымдастыру: тапсырмалар құрастыру, бағалау критерийлер құру. Модерация» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өткізілді.

Семинар мақсаты: критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында мектеп үйлестірушілері мен тілдік пәндер мұғалімдерінің критериалды бағалау бойынша құзыреттілігін арттыру. Аталған іс шараға Текелі, Талдықорған қалалық, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары білім беру ұйымдарының 335 үйлестірушілері мен филология пәндері мұғалімдері қатысты. Белсенді жұмыс түрі үш аудиторияда ұйымдастырылып, қатысушылар бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау (бағалаудың ерекшеліктері, ұқсастықтары, құрастыру қадамдары, бағалау тапсырмаларының түрлері: жабық түрдегі және ашық түрдегі тапсырмалар құрастыру) бойынша практикалық жұмыстары іске асты. Бағалау үдерісін ұйымдастыруда қолданылып жүрген тапсырмалардың сипаттамасын және түрлерін түсіндіру, бағалау құралдарын құрастыру, сараптама жасау дағдыларын қалыптастыру және тәжірибеде қолдануға дағдыларын жетілдірді.