Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: "Н.Островский атындағы №8 орта мектебі"

«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман...» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтт


30 января 2019, 03:04 | 2 548 просмотров



29 қаңтар 2019 жылы мектепте «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман...» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесуге Алматы облысы Ауған соғысы ардагерлер ұйымының үйлестіру кеңесінің төрағасы Данабеков Ержан Сүлейменұлы мен талдықорған қаласының Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Ахметжанов Мұхтар Абдықасұлы қатысты.
Кездесу барысында мектептің 9-сынып оқушылары Ауған соғысы жылдары туралы бейнефильм көрсетіп, соғыс жылдарында айтылған әндерді орындады. Мектептің музыка пәнінің мұғалімдері қысқаша концерттік бағдарлама дайындады. Кездесу соңында ардагерлер оқушыларға өз өмірлері, Отанды сүю, Отан алдындағы әр азаматтың борышы жайлы әңгімеледі.